Жетісулық дәрігерлер 123 науқастан қатерлі ісікті асқынбай тұрып анықтады

Жетісулық дәрігерлер 123 науқастан қатерлі ісікті асқынбай тұрып анықтады

Жетісулық дәрігерлер 123 науқастан қатерлі ісікті асқынбай тұрып анықтады
ашық дереккөзі
Алматы облысында биыл 123 науқастан омырау безі мен өкпе рагы асқынбай тұрып анықталған.  Қатерлі ісік белгілеріне байланысты дер кезінде диагноз қою – Талдықорғанда ситуациялық орталықтың ашылуы арқасында мүмкін болды. Ол осы жылдың басында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде іске қосылды. Арнайы бағдарлама 16 ауданнан жиналатын рентген-түсірілімдеріне сараптама жасап, көлемі 1 миллиметрлік ісіктерге дейін анықтайды. Бұл орталықта осындай 250 мың зерттеу жүргізілген. Жетісулық дәрігерлер қазір талдау жұмыстарының үшінші кезеңіне аяқ басу мақсатында радиология және онкология институтымен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». «Облыс тұрғындары болашақта медициналық тексерістен өтіп, қатерлі ісік ауруларынан емделу үшін ел астанасы мен Алматыға сабылмайды. Енді бұл жұмыстардың барлығы облыс аумағында жүргізіледі», - дейді мамандар.