Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болады – Қазгидромет

Қазақстанның басым бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан жылжыған циклон мен онымен байланысты атмосфералық ағындар әсер етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын таратқан ақпараттарға қарағанда, Қазақстан Республикасының басым бөлігіне жауын-шашын және қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын болуы ықтимал.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Жарминский ауылында желдің жылдамдығы секундына 25 м/с жетуі ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с-қа күшейеді.

 

Back to top button