"Ол нағыз ер азамат": Жас жігіт ұшақ апаты кезінде жүкті әйелді құтқарып қалған

"Ол нағыз ер азамат": Жас жігіт ұшақ апаты кезінде жүкті әйелді құтқарып қалған

"Ол нағыз ер азамат": Жас жігіт ұшақ апаты кезінде жүкті әйелді құтқарып қалған
ашық дереккөзі
«Bek Air» әуе компаниясының ұшағы құлаған сәтте жолаушылардың бірі жанында отырған жүкті әйелді денесімен жауып, аман алып қалған. Бұл туралы ұшақ жолаушыларының бірі Әсем Жапишева өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.  Әсемнің айтуынша, Темірлан Қадауов Нұр-Сұлтан-Алматы бағытымен ұшып бара жатып, апатқа ұшыраған «Bek Air» әуе компаниясының ұшағында болған. «Оның жанында менің қызым Гүлім Ақышева отырды және ол жүкті еді. Темірлан ұшақ құлаған сәтте оны денесімен жауып қалған. Апаттан соң қызымды қауіпсіз жерге апарып, өзі өзге жолаушылардың шығуына көмектескен. Ол нағыз ер азамат, өзінің жарақатына қарамастан осындай қиын сәтте батылдық танытты. Біз, Гүлімнің ата-аналары Темірланның ата-анасына осындай ер азамат тәрбиелегені үшін алғыс айтқымыз келеді»,-деп жазды.