Әуе билеттерінің күші жойылған жолаушылар үшін пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі

Жаңа жыл қарсаңында әуе рейсінде билетінің күші жойылған жолаушылар үшін барлық бағыттар бойынша қосымша вагондар қосылмақ.

Ал алдағы дүйсенбі, яғни желтоқсанның 30-ы күні Нұр-Сұлтаннан Алматы бағытында қатынайтын жаңа бір реттік пойыз іске қосылмақ. Мұндай ақпарды «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының ресми өкілі Диас Ахметшәріп беріп отыр, деп хабарлайды «Алматы» арнасы.

«Ол жерде тек жаңа вагондар болады. Біздің Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Тұлпар» вагон құрастыру зауытында жасалған, Ресей технологиясына сай. Сол себепті бір реттік пойызды іске қосып отырмыз. Ол пойыз Алматыға барғаннан кейін Алматы-Маңғыстау бағыты бойынша тұрақты түрде қатынайтын болады. Сонымен қатар, мына Жаңа жылдық мерекелердің алдында біз Қазақстандағы барша бағыттар бойынша 500-ге жуық қосымша вагонды тіркейін деп отырмыз», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі  Диас АХМЕТШӘРІП.

Back to top button