Жаңалықтар

Рим Папасы қазақстандықтарға көңіл айтты

ашық дереккөзі

Рим Папасы қазақстандықтарға көңіл айтты

Рим Папасы Франциск Қазақстанда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. "Жақында Алматыда болған ұшақ апаты туралы білгеннен кейін, Аса Қасиетті Папа Франциск осы қайғылы жағдайдың салдарынан зардап шеккендердің барлығына көңіл айтады. Ол қаза болғандардың рухтарының мәңгілік тыныштық табуы және зардап шеккендердің жазылып кетуі үшін дұға етеді. Аса Қасиетті Папа Құдіреті күшті Құдайдан барлық адамдар үшін, әсіресе құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына қатысатын адамдарға күш-қуат беруді және бейбітшілік сыйлауды сұрайды" - делінген жеделхатта. Сонымен қатар Қазақстан президентіне және Қазақстан халқына Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Түркменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Украина Президенті Владимир Зеленский, Грузия Президенті Саломе Зурабишвили, Финляндия Президенті Саули Ниинистё, Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер, Польша Республикасының Президенті Анджей Дуда, Сербия Президенті Александр Вучич және Словакия Президенті Зузана Чапутова жолдаған.