"Нағыз патриот өмірден өтті": Дариға Назарбаева Рүстем Қайдаровтың отбасына көңіл айтты

"Нағыз патриот өмірден өтті": Дариға Назарбаева Рүстем Қайдаровтың отбасына көңіл айтты

"Нағыз патриот өмірден өтті": Дариға Назарбаева Рүстем Қайдаровтың отбасына көңіл айтты
ашық дереккөзі
Сенат төрағасы Дариға Назарбаева ұшақ апатына қаза болған генерал-майор Рүстем Қайдаровтың отбасына Жоғарғы Үкіметтік жеделхат жолдады. «Аса құрметті Рүстем Есімханұлы ҚАЙДАРОВТЫҢ қайғылы қазасына байланысты көңіл айтамын. Көптеген жазықсыз құрбандарға себеп болған қаралы хабарды қатты қайғырып естідік. Бүкіл өмірін Отанымызға адал қызмет етуге арнаған нағыз патриот әрі тамаша адам өмірден өтті» - делінген жеделхатта. Сонымен қатар, ол Рүстем Есімханұлын көптен бері танитынын айта келіп, "Ол Қазақстанды әрқашан қуатты әрі өркендеген ел ретінде көргісі келетін, сондықтан да еліміздің қоғамдық өміріне белсене атсалысты" - деп еске алады. «Рүстем Есімханұлы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның мемлекеттік және қоғамдық еңбегі көптеген наградалармен атап өтілді. Қоғамдағы өзгерістерге сергек, өмірде белсенді көзқараста болды. Генерал Қайдаровтың офицерлер мен генералдар арасындағы беделі зор болатын. Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесіне басшылық етті. "Асар" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі болды, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге белсене қатысты» - деді Дариға Назарбаева өз хатында. Сенат төрағасы танымал генералдың оқыс қазасы еліміз үшін ауыр қайғы екенін атап өтті. «Құрметті генерал Р.Қайдаровтың кенеттен қаза тапқаны бәрімізге ауыр тиді. Жылы жүзді жүздесулері мен жарқын сөздері еске түсті. Ардақты азамат, білікті маман, еліміздің нағыз патриоты – осы бейнеде жүрегімізде мәңгі қалады. Бүкіл еліміз орны толмас азаматтан айырылды. Осынау ауыр қазаға орай оның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын» - деді Дариға Назарбаева.