Алматыда электр құралдары дүкені жанып кетті

Алматыда электр құралдары дүкені жанып кетті

Алматыда электр құралдары дүкені жанып кетті
ашық дереккөзі
Өрт Алматыдағы Шевченко – Радостовец көшелерінің қиылысында болды. Оңтүстік мегаполисте электр құралдарының дүкені тып-типыл жанып кетті, деп хабарлайды Sputniknews.kz. Өрт сөндірушілер жақын маңдағы дәмхана мен мемлекеттік емхананы қызыл жалыннан аман алып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің жалпы аумағы 400 шаршы метрге жуықтаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептерін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары анықтап жатыр.