Марат Нұрғожин қызметінен босатылды
Марат Нұрғожин қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Марат Рахмалыұлы Нұрғожин басқа жұмысқа ауысуына байланысты цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Марат Нұрғожин 1957 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Н. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін тәмамдаған. Еңбек жолын 1980 жылы бастаған. Т
үрлі жылдары Қарағанды политехникалық институтында, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, «Самғау» ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» АҚ-да, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-да жұмыс істеді. 2016-2017 жылдары — қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.
2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі таңға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымын атқарды.