Ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындары тегін ұшады

Ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындары тегін ұшады

Ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындары тегін ұшады
ашық дереккөзі
28 желтоқсан күні Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша рейстер енгізеді. Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді.  «2019 жылдың 28 желтоқсанында «Air Astana» әуе компаниясы «Алматы - Нұр-Сұлтан - Алматы» және «Нұр-Сұлтан – Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыттары бойынша қосымша рейстер енгізеді. Нұр-Сұлтаннан ұшу уақыты – таңғы 05:00, Алматыдан ұшу уақыты – таңғы 07:00», - делінген хабарламада. Bek Аir әуе компаниясы ұшағының апатында мерт болғандардың туыстары тегін тасымалданады. Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы қаза болғандардың отбасына 4 млн теңгеден беруді тапсырды.