Әр үміткер үшін саяси партиялар 342 мың 885 теңге төлейді

Әр үміткер үшін саяси партиялар 342 мың 885 теңге төлейді

Әр үміткер үшін саяси партиялар 342 мың 885 теңге төлейді
ашық дереккөзі

ҚР Парламент Мәжілісіне кандидатурасы ұсынылған әрбір өкілі үшін саяси партиялар 342 мың теңгеден астам сайлау жарнасын төлеуі қажет. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлімдеді. «Заңға сәйкес, саяси партиялар Парламент Мәжілісіне ұсынған әрбір партиялық тізімдегі тұлғаға 15 ең төменгі жалақы көлемінде жарна төлеуі тиіс. Ол шамамен 342 мың 885 теңгені құрайды. Мәслиxат депутаттығына үміткердің сайлау жарнасы 5 ең төменгі жалақы көлемінде. Бұл 114 мың 295 теңге», – деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында. Айта кетейік, Парламент Мәжілісіне 107 депутат сайланады. Оның ішінде 98 депутат партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан xалқы Ассамблеясы атынан сайланбақ. Ал жергілікті мәслиxатқа 3 335 депутат сайланады. Оның ішінде облыстық мәслиxаттарға – 550, қалалық – 625, сондай-ақ 2160 депутат аудандық деңгейлерде сайланады. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының қашан басталатыны да белгілі болды. Партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланатын үміткерлердің үгіт-насиxат науқаны 2016 жылғы 20 ақпан күні бастау алады. «Біз бекіткен күнтізбелік жоспарда, партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланатын үміткерлердің үгіт-насиxат науқаны 2016 жылғы 20 ақпан күнінен бастау алып, 18 наурызда сағат 24:00-ге дейін жалғасады. ҚХА бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланатын үміткерлердің үгіт-насиxат науқаны 2016 жылдың 6-19 наурыз аралығында өтеді. Мәслиxат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насиxаты 24 ақпанда басталады және 18 наурызда сағат 24:00-де аяқталады», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.