Алматыдағы апат: Ұшақ бортында 4 елдің азаматтары болған

Алматыдағы апат: Ұшақ бортында 4 елдің азаматтары болған

Алматыдағы апат: Ұшақ бортында 4 елдің азаматтары болған
ашық дереккөзі
Алматы қаласы маңында апатқа ұшыраған ұшақта Украина, Қырғызстан, Қытай және Қазақстан азаматтары болған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ұшақ бортында жалпы 5 экипаж мүшесі мен 93 жолаушы болған. Оның екеуі Украина (Юрий Сон мен Яна Сон), біреуі Қырғызстан (Маг Клыков), тағы біреуі Қытай (Маулина Нурлан) азаматтары, ал қалғандары — қазақстандықтар. Оқиға салдарынан 12:30-дағы жағдай бойынша 12 адам, оның ішінде экипаж командирі қаза тапты. Алматы қаласының түрлі медициналық мекемелеріне 49 адам жатқызылды. Олардың 18-інің жағдайы ауыр. Қалғандарына медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Қауырт желіге 603 қоңырау түсті. Құтқару жұмыстары жалғасуда», - деп атап өтті министрліктен.