Жаңалықтар

Ұлы дала мұрасы Түркияда ұлықталды

ашық дереккөзі

Ұлы дала мұрасы Түркияда ұлықталды

Жақында Қазақ­стан­ның Түркиядағы ел­ші­лігі, Еуразия Жазу­шы­­­лар Ода­ғы және Кавказ аймағы уни­верситеттері қауым­дас­ты­­ғы­ның тікелей қол­дауы­­мен Қазақстанның ең­бек сіңірген қайрат­кері, Қа­зақ­стан композиторлар ода­ғы­ның мүшесі, белгілі қобыз­шы, музыка зерттеушісі Әлқуат Қазақ­баевтың «Қор­қыт ата аңыздары мен күй­ле­рі» атты кітабы Түр­кия­­­да тү­рік тілінде жа­рық көрді. Еңбектің түрік тіліндегі ау­дар­масының тұсаукесері Қазақстанның Түркиядағы елші­лігі мен Стамбұл қаласы­ның мэрия­сы бірлесе ұйым­дас­тырған «Ата­түрік­тен Назарбаевқа дейінгі ке­зең: Түркі әлемінің ынтымақтас­ты­ғы» атты ғылыми конференция ая­сында өткізілді. Аталған туынды қа­зақ тілінде 2018 жылдың күзін­де «Ғылым» баспасынан жарық көр­ген болатын. Қорқыт түркі халықтары ара­­сында халықтың мұ­ңын жырлаған жырау, қиыннан жол тапқан жолбасшы, ел бас­шы­ларына ақыл-кеңес бер­ген дана, болашақты бол­жа­ған сәуегей абыз, қобызды алғаш ойлап тапқан сазгер күйші ретінде кең танылған тұлға. Қорқыттың тарихи тұлғасы мен әдеби мұрасы жөнінде талай ғасырдан бері аңыз­дар­да, тарихи жылнамаларда, жазба деректерде баяндалып, көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болып келеді. Ал 2018 жылы «Қорқыт ата кітабы» ЮНЕСКО-ның «Адамзаттың ма­териалдық емес мәдени мұра­ларының тізіміне» енді. Бұл айтулы оқиға Қорқыт ата мұрасын зерт­теу саласына жаңа серпін бер­ді десек те болады. Сол жылдың желтоқ­сан айында Иранның Түр­кі­мен­сахра аймағында ирандық қазақ Уәли Мұхаммед Қожа «Қор­қыт ата кітабының» жаңа нұс­қа­сын тапты. Бұл нұсқа «Қорқыт ата кітабының» бұ­рын ғылымға бей­мәлім болып келген 13-ші жырын әлем­ге паш етті. Алайда қорқыттану сала­сын­дағы көңіл қуан­тар­лық же­тіс­тіктерге қарамастан, ұлы ба­бамыздың ерекше бір саланы құрай­тын музыкалық мұ­ра­сы осы ке­зеңге дейін те­рең зерттеліп, зер­делене қойма­ған еді. Әлқуат Қа­зақ­­­баев­тың аталған еңбегі осы ол­­қы­лықтың орнын толтырған ерек­ше туынды болды. Негізінен Қорқыт атаға қа­тысты аңыздар мен оның күйлерінің дені қазақ хал­қын­да сақталған. Зерттеуші Ә.Қа­зақ­баев осы еңбегінде Қор­қыт Атаға қа­тыс­ты аңыз­дар­ды жинақтап, бір жүйеге келтірген. Әсіресе, шетелдік саяхатшылар мен зерттеуші­лер­дің жазып алған аңыздарының түпнұсқалар­дан аударылып берілуі, сондай-ақ Түркия, Әзір­байжан, Ресей Федера­ция­сының Қарашай-Шеркеш Республикасынан жинақтал­ған бірқатар аңыз­дар мен деректердің де берілуі еңбек­тің құнын арттыра түскен. Мәселен, еңбекте америкалық зерт­теуші, саяхатшы, дипломат Юд­жин Скайлердің 1873 жылы Сыр бойында жергілікті қазақ­тар­дан жазып алған аңызы берілген. Орыс геогра­фиялық қоғамымен тығыз байланыс орнатқан Ю.Скай­лер шетелдіктер арасында патшалық Ресейдің Орта Азияда жаулап алған аймақтарын аралап көруге алғашқылардың бірі болып арнайы шақырту алған саяхатшы-дипломат болатын. Оның осы сая­­хатқа қатысты жазған «Түркіс­тан: Ресей Түркістаны, Қоқанд, Бұ­хара және Құлжаға саяхат жазба­лары» (Eugene Schuyler. Turkestan: Notes of a Journey in Russian Turkestan, Khokand, Bukhara and Kuldja) атты еңбегіндегі Қорқытқа қатыс­ты аңыз елімізде тұңғыш рет жарияланып отыр. Еңбектің тағы бір назар ау­да­рарлық ерекшелігі Қор­қыт ата күйлерінің жи­нақ­талып берілуі. Әлқуат Қазақбаев кезінде қобызшы-күйшілер тарапынан орындалып, үнтаспаға жазылып алын­ған Қорқыт атаның күй­лерін үлкен ізденістер нәти­жесінде қай­та нотаға түсіріп шыққан. Кітапқа тек қобыз аспабында ғана емес, сы­бызғы және домбырамен орындалатын күйлері де енген. Сонымен қатар еңбекте «Ақсақ қыз» аңызына қатысты Ә.Қазақбаевтың сим­фония­лық оркестр мен қазақ­тың халық аспаптары қобыз, жеті­ген, сыбызғы, сазсырнай және скрип­каға сәйкестенді­ріп өзі шы­ғарған күй нотасы да берілген. Ә.Қа­зақбаев өзі­нің бұл шығармасы ту­ралы: «Бұл дастанды кеңес үкі­меті тұсында Қорқыт ата кесене­сін жаңғыртып, тағдырдың талай тау­қыметін көрген, бабамыз­дың артынан өшпес із қалсын деп қу­ғын­ға түскен, Қармақ­шы ауданы­ның бірінші басшысы қызметінде болған, қазақтың біртуар азаматы Елеу Көшербаевтың рухына арнадым. Болашақ ұрпақ, әсіресе, қо­лына қобыз ұстаған қобызшы­лар үнемі есте сақтап жүрсін деп, бабамыз­дың ескерткішін кім тұрғыз­ғанын біліп жүрсін деген ниетпен Қорқыт атамыздың Ақ­сақ қыз туралы аңызының желісімен жазылған шығарма. Бабамыз­дың қобызының үні­не тәнті болып, іздеп шық­қан қырық қыздың біреуі ғана аман жетеді. Ол – Ақсақ қыз. Қорқыт атамыздың қобызы­ның қоңыр үні мен құдіретіне там­санған Ақсақ қыздың сезімі мен жүрек қылынан туған нәзік сы­ры бой алдыр­ған туынды. Қа­зіргі таңда Ақсақ қыздың моласы Сыр бойында бой көтеріп тұр. Ақ­­сақ қыздың тағдыры, көр­ген қиын­шылығы мен үзіл­меген үміті қазақ халқы­ның музыка тарихы мен адамзаттың әдеби мұралары­нан ерекше орын алған қобызшы, жырау Қор­қыт атамыздың мазарын жаң­ғыр­туда тер төгіп, аянбай еңбек еткен, бабамыздың ба­сы көтерілгенше ыстығы мен суы­ғына төзген, күллі Түрік әлеміне Қорқыт атамыз­дың ескерткішін мирас етіп қал­дыр­ған Елеу аға­мыз­дың ішкі дүниесімен сабақ­тасып жат­қандай. Бабамыздың маза­рын әлемге сыйлаған Елеу Кө­шербаевтың есімі қобыз­шы­­лардың жадында мәңгі сақ­­талады. «Ақсақ қыз» туындысы Елеу Кө­шер­баевқа ар­нал­ған музыкалық ес­керткіш», деп тебірене баяндайды. Зерттеуші бұл еңбегінде Қор­қыт бабамызға қатысты аңыз­дар мен оның күйлері туралы тү­сініктемелер берумен қатар, атал­ған күйлерді орындаушылар мен жеткізушілер туралы қосымша деректерді де енгізген. Еңбектің тағы бір ерекше тұ­сы Филипп Иоган Табберт фон Страленберг (1676‒1947) сыз­­ған Сібір мен Орта Азия карта­сы­ның берілуі. Осы тұста айта кеткен жөн, Ф.Страленберг 1709 жы­лы Полтава шайқасында орыс­тарға тұтқынға түскен швед офицері болатын. Өзі секілді тұт­қынға түскен мың шақты швед әскери­лерімен бірге Ресейдің Тобольск қа­ласына айдауға жіберілген ол Ре­сей мен Сібірде өмір сүріп жат­қан халықтардың тілі мен мәде­ниеті туралы мол материал жи­нақ­тайды. 1721 жылы арнайы рұқ­сатпен неміс ғалымы Д.Мессер­шмид­тің экспедициясына қа­тысуы оның бұл жұ­мыстарына оң ықпалын тигізеді. Осы кезеңде аталған гео­графиялық картаны да дайындайды. Швед королі ХІІ-Карлмен жақын достық байланыс­та болған Ф.Страленберг 1722 жылы тұтқыннан босап, 1723 жы­лы Швецияға ора­лысымен атал­ған карта мен басқа да еңбек­терін жа­рия­лауға тырысады. Алайда ұзаққа созылған соғыстан ти­тық­таған елінде бұған қажет­ті қар­жыны табу қиынға соғады. Ол қар­жы табу мақса­тында 1728 жыл­дың наурыз айында Осман сұл­танының Швециядағы арнайы ел­шісі Мұстафа Ағаның қабыл­дауын­­да да болады. Аталған карта ақыр соңында Страленбергтің 1730 жылы үлкен қиындық­тар­мен Сток­гольмде жарық көрген, кейіннен бірнеше тілге аударылған «Еу­ропа мен Азияның солтүстік-шы­ғыс бөлігі» (Das Nord und Ostliche Theil von Europa und Asia) атты танымал еңбегінің қо­сым­ша­сында беріледі. Бұл карта­ның ерек­шелігі – мұнда Қор­қыт ата ма­зары да көрсе­тіл­ген. Зерттеуші Ә.Қа­зақ­баевтың еңбегінде қалың көп­шілікке көп таныс емес карта да беріліп отыр. Еңбектің қазақ тіліндегі нұс­қасына алғысөз жазған та­нымал түрколог-ғалым, про­­фессор Мырзатай Жол­дас­­­беков: «Қорқыт ата аңыз­да­рынан оның күйлерін бөліп қарауға болмайды. Қорқыт атаның күйлері қазаққа ғана бұйыр­­ған асыл мұра. Даныш­пан­ның күйлерін өзге халық­тар­дан жо­лықтырмай­сыз. Кітаптың аса бір жаңалығы Қор­қыт атаның осы күнге дейін беймәлім болған жаңа күй­лерінің табылуы. Ғасыр­дан-ғасырға ауызша жеткен өнер жауһар­ларының қайта түлеуі Ә.Қа­зақбаевтың зерт­теу жұмыс­тары мен үлкен ең­­бегінің нәти­же­сі... Сонымен, Қазақстанда Қорқыт ата мұрасын зерттеудің жаңа дәуірі басталды. Соның ең ал­ғаш­қы қарлығашы «Қор­қыт ата аңыз­дары мен күйлері» атты еңбегі», ‒ деп ерекше атап көрсетеді. Ал осы еңбектің түрік тіліне ау­дарылып, Түркияда жа­рық көруіне тікелей сеп бол­ған, еліміздің мерейін үстем етер талай игі іске ұйытқы бо­лып жүрген Қа­зақстанның Түрік Республи­ка­сын­дағы Тө­тенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы түркі әлемінің мыңдаған жылдық терең тарихы мен бай мәдени мұрасына, ұлы дала тудырған түркі өркениетінің құн­ды жәді­герлеріне кеңінен тоқ­та­ла келе: «Әлқуат Қазақбаев күллі түркі әлеміне тарту етіп отырған осы тамаша туындысы арқылы түр­кі халықтары мен ғылымының жүре­гін жаулап алды»,  деп жазады. Кітаптың түрік тіліндегі нұс­қасына алғысөз жазған Кав­каз аймағы университеттері қауымдастығының төра­ғасы, танымал ғалым, профессор Рамазан Коркмаз: «...Қор­қыт ата аңыздары  қазіргі таң­­да түркі әлемін бір­лесті­ру­ші негізгі күштердің бірі. Ежелгі грек мифологиясында алып Антейге күші сарқыл­ғанда жаңадан қуат беретін қасиетті Жер-Ана секілді Орхон жазба ескерткіштері мен Қорқыт ата жыр­лары да түркі халықта­ры­на нәр беріп, қайта тү­летіп, жаң­ғыртатын киелі құнды­лық­тарымыз, баға жетпес бай­лы­ғымыз. Сол себепті Қорқыт ата тура­лы жасалатын әрбір зерттеу түркі тіл­дері­нің терең қойнауында бұйығып жатқан қасиетті рухты оятып, қайта жандандырады, бо­лашақтағы болмысымызды ай­қын­дайды. Қазақ зерттеушісі қым­батты Әлқуат Қазақбаевтың аса зор ыжда­ғат­пен дайындаған «Қор­қыт ата аңыздары мен күй­лері» атты еңбегінде Қазақстанның әртүрлі аймақ­тарындағы Қор­қыт атаға қатысты аңыз­дар жинақ­та­лып, оның күй­лері нотаға түсірі­ліп, оқыр­­манға ұсынылған. Бұл ең­бек қазақ халқының ортақ құн­­ды­лығымыз Қорқыт ата мұра­­сын қаншалықты қастер­леп, көз­дің қарашығындай сақтап жет­кізге­нін көрсетуі­мен қатар, Қазақ­стандағы Қор­қыт ата аңыздары мен күй­лерін бүкіл әлемге паш етуі тұр­ғы­сынан да айрықша ма­ңыз­ды», дей келе, еңбектің мән-маңы­зына жан-жақты тоқ­­та­лып өтеді. Еңбекке тағы бір алғысөз жаз­ған Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуб Өме­роғ­лы: «Қолыңыздағы туын­­ды қазақ халқында сақ­талған Қорқыт ата аңыздары мен күйлерін толық жинақ­тап, оқырман қауымға ұсы­нып отыр. Бүкіл саналы ғұмы­рын түркі мәдениеті мен түркі әлеміне арнаған профессор Мырзатай Жол­дасбековтің алғысөзімен та­ны­тылған ең­бек­тің авторы – Әлқуат Қазақ­баев. Бұл кітап Түр­кияда Қор­қыт ата туралы аңыздар мен оның күйлерін оқырман қауым­­ға жеткізіп, танытқан ал­ғаш­қы еңбек ретінде ерекше мәнге ие... Қазақтар арасында сақталған Қорқыт ата аңыздары өзіндік баяндау мә­нері тұрғысынан құнды мұраларымыздың бірі. Қазақ халқы сақтап жеткізген Қор­қыт мұрасының теңдесі жоқ тағы бір шоқтығы Қор­қыт ата күйлері. Түр­кі аймақ­та­рында Қорқыттың қобызы туралы жиі айтылғанмен, қа­зақ даласынан басқа ешбір жерде оның күйін не болмаса қандай да бір музыкалық шығармасын кездестірмейсіз. Қазақ халқы Қор­қыттың күйлері деп қабылдайтын осынау музыкалық шығарма­лар­­ды ғасырлар бойы сақтап, ұр­пақтан-ұрпаққа жалғас­ты­рып, осы күнге жеткізген... Еңбекте ноталарымен бірге жарияланып отырған Қор­қыт ата күйлері түрік музыкант­тар­­дың да назарын аударып, түркі музыка тарихында өзін­дік орны бар осынау абстракті шығарма­лар­дың музыка сүйер қауымның көңіл пер­делерін тербейтініне се­нім­діміз»,  деп баса көрсе­те­ді. Осылайша, Қорқыт баба­мыз­­дың музыкалық мұра­сы мен оған қатысты аңыздар ту­­­ра­лы жазылып, белді ғалым­дар­дан оң бағасын алған тамаша туынды Түр­кияда ұлық­та­лып, төрткүл дү­ниеге жол тартты. Бұл еңбектің мәң­гілік өмірді жырлап, өліммен кү­рес­­кен ұлы бабамыздың мол мұра­сын зерттеу саласын­дағы та­лай ғылыми еңбекке арқау болары анық.

Гүлім ШАДИЕВА,

PhD докторы

Руслан ӘЛІМБЕКОВ,

ЕҰУ докторанты