Жаңалықтар

Бауыржан Байбек ұшақ апатынан көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты

ашық дереккөзі

Бауыржан Байбек ұшақ апатынан көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматы маңында ұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты. "Бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан жолаушылар ұшағы апатында қаза тапқан жандардың отбасылары мен туыс-туғандарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Бүкіл еліміздің сіздермен бірге қабырғасы қайысып отыр. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін", — деп жазды Twitter-дегі парақшасында.