Елбасы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Елбасы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Елбасы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты
ашық дереккөзі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтында хабарланды. «Алматы әуежайынан ұшып шыққан «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - делінген жеделхатта.