АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЖАЙЛЫ ПІКІРТАЛАСЫ

Ғылым-білімнің есігін ашатын кілті іспеттес жазу-сызудың рухани өміріміздегі маңызы зор. Өз дәуі­рінің өзекті мәселелерін дер кезінде көтеріп отыратын қазақ баспасө­зі­нің назарынан әліпби мәселесі тыс қалған емес. Тарих беттеріне үңілсек жазу, әліпби мәселесі ауық-ауық пі­кірталас тудырып отырған күрделі мәселенің бірі болып саналды. Қа­зақ даласына ислам дінімен бірге енген араб жазуы он ғасырдан астам қолданыс тапты. Қазақ жерін отарлап алған Ресей патшалығы түркі ха­лықтарын рухани біріктіріп отыр­ған араб жазуының орнына орыс жазуын енгізуді көздеді. Миссионер ғалымдар араб таңбаларының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін нақпа-нақ бейнелеудегі олқылықтарын көлденең тартып кириллицаға кө­шіру­ге әрекеттенді. XIX ғасыр ба­сын­дағы қазақ оқығандары сан ғасырлар бойы пайдаланып келген араб таңбаларының кемшіліктерін жою­ға тырысты. Олар өз ойларын «Түр­кістан уәлаяты»,  «Дала уәлаяты», «Ай­қап»,  «Қазақ»  сынды басылым­дар­­­да ортаға салды.

«Дала уәлаяты» газетін шығарушы­лар­дың бірі Д.Сұлтанғазин аталған ба­сы­лым­ның 1899 жылғы 22,23 сандарында басыл­ған мақаласында қазақ тіліне орыс әрпін пайдалану керек пе  әлде араб жазуын жетілдіріп қолдана беру қажет пе деген мәселені талқылайды. Автор қазақ халқы басқа түркі халықтары сияқты араб таң­ба­ларын пайдаланып келгенін, оны тастап басқа әліпбиді аламыз дейтіндерге қо­сылмайтынын айта келіп: «Себебі қазақ білмейтін бір бөтен әліпби шығарғанша, бұрынғысын түзеткені жақсы»,  – дейді. Қа­заққа орыс әріптерін енгізуді ұсынатын мис­сионер ғалым Н.Ильминскийге қатыс­ты көзқарасын былай аңғартады: «Бір білімді адам Ильминский деген қазақ сөз­дерін орыс әріптерімен жазса керек, орыс әріптеріне бірақ өзгертсе керек дейді. Бұл кісінің сөзі де онша келісімді емес. Себебі бұл Ильминский орыс әліпбиіне көп латын әріптерін қосады және орыстың өз әріп­терін біртүрлі қылып өзгертіп, орыс әліпбиін тым қиын қылып жібереді».
Д.Сұл­танғазин қазақ сөзін жазуға өзгеріссіз алса, орыс, латын таңбаларының да сәйкес келе бермейтінін, жаңа алфавит қабылда­ғаннан гөрі «қазақтардың не заманнан бері ғадет алып үйренген» араб әліппесін қазақ тіліне лайықтап бірақ өзгерту туралы ұсыныс жасайды. «Солайша өзгерткен уа­қытта,  –  деп жазады ол,  – араб қаріптері мұ­нан да жақсы болар еді». Осы мазмұндас пікірді 1912 жылы  «Қазақ» газетінде ба­сыл­ған А. Байтұрсынұлының «Бастауыш мек­теп» деген мақаласынан да аңғарамыз:  «…қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб қарпін тастатып, орыс қарпін алдырамыз дейді. Сол үшін балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын. Ана тілімен оқыса да, орыс қарпімен оқысын дейді. Өкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі де бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу. Ал халыққа керегі  –  өз діні, тілі, жазуының сақ­талуы»  деп қазақтың  дініне, тіліне, жазуы­на төніп келе жатқан қатерді ескертеді.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де әліп­би мәселесі күн тәртібінен түспегенін сол тұстағы баспасөз материалдарынан көруге болады. Ал  КСРО құрамына енген түркі халықтарын араб таңбаларынан латынға көшіру мәселесі көтерілген тұста қазақ зиялыларының арасында қызу пікірталас туындады. 1923-1929 жылдары қазақ баспасөзі «арабшылдар» мен «латыншылдар» пікірталасына кеңінен орын берді. «Еңбекші қазақ», «Ақ  жол», «Сары арқа», «Жаңа мектеп», «Жаршы»  сынды басылым­дарда  А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, Н.Төреқұлұлы, Ә.Байділдаұлы  секілді арыстарымыздың аталған мәселеге қатысты жарияланымдары жарық көрді. Белгілі қоғам қайраткері, журналист Әбдірахман Байділдин «Еңбекші қазақ» газетіндегі «Біздің жобамыз» атты мақаласыңда Мәскеуде қызметте және оқуда жүрген қазақ жастарының латыншылдар ұйымын ашқанын айта келіп, күн тәртібінде бұл мәселенің қойылу себебін былай түсіндіреді: «Елді сауаттандыру керек. Бұл игі істі тездетуге араб әрпі жарамсыз, тез хат танытып, тез жаздыруға қолайсыз. Оның баспа ісіне де кедергілері көп. Саны 24-28, ал басуға, жазуға келгенде 100-ден асады. Шым-шытырық нүктелер көп, жазу оңнан солға қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай оқылады, пән белгілеріне жарарлық таңбалар жоқ».  Ә.Байділдаұлы ескі әріптерді жамап-жасқап кәдеге асы­райық дегендерді алға қарай дамуда «жауыр ат пен шиқылдаған сынық арбаны» тастағысы келмегендер яғни арабшылдар, ескішілдер, ал латын әрпін  «өзі жүйрік, өзі берік отарбаға»  теңеп, мұны жақтаушылар «жаңашылдар»  деп баға береді. «Осы жүй­рік көліктерге мінуден қорықпайық, бола­ша­ғы зор, көптің құралы латын әріптерін үй­реніп, мәдениетті жұрттармен тез жа­қындасудың жолына түсейік. Бұл жол адас­тырмай азаттыққа апаратын төте,  дұрыс жол» деген пікірде болды.

Ахмет Байтұрсынұлы «Ақ жол» газетіндегі «Баспа қаріптерін түзету туралы» тақы­рып­ты мақаласында «Әзербайжан жобасы латын қарпін алу болса, ол тіпті алынбайтын жоба ғой. Халыққа хат таныта алмай жүргенде, хат білгендерімізден айырылып қалуымыз мүмкін»  деген пікірін білдіреді. Ғалым араб таңбалары бір тұрпатты болғанда баспа ісіне, хат танытуға әкелетін пайдасы мол екенін айтады. Оған дәлел ретінде Қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде жасаған баяндамасында жасаған тұжырымдарына тоқталады. Аталған съезд әліпби, қаріп мәселесіне байланысты ашылатын болғандықтан, оның қарсаңында «латыншылдар» да, «арабшылдар» да өз пікірлерін баспасөз беттерінде жариялады. Жүсіпбек Аймауытов «Жазу мәселесі туралы соңғы сөз» деген мақаласында «Ақаңның жазба мәшинеге арнап шығарған таңбалары қабылдансын» дей келіп, съезд қарсаңында латын қарпіне көзқарасын да ашық айтады. «Жүзден төрт-ақ адам хат танитын қазақтың көзін ашамыз деп жүргенде, біржола жаңа қаріпке түсіп кетсек, сол төртеуін соқыр қылып алу қаупі бар». Осы тұста айта кететін бір мәселе, Кеңес үкіметі орнағаннан кейін кеңселердегі жазу мәшинелеріне төрт түрлі болып келетін араб таңбалары үйлес­педі. Қазақ әліпбиін жазу мәшине­леріне ыңғайлап өз жобаларын ұсынушы­лар Жантөрин, Ахметжанов, Алпаров және Байтұрсынұлы сынды азаматтар болды. Ж.Аймауытов Байтұрсыновтың осы жобасын айтады.

Мәскеуде, Ташкентте латыншылдар ұйым­дары құрылды. 1924 жылы маусым айын­да Орынборда өткен Қазақ-қырғыз білім­паздарының тұңғыш съезінде осы мәселе кең көлемде талқыланды. Съезде баяндама жасаған Ахмет Байтұрсынұлы түрік жұртының тоқсан пайызы араб таң­баларын пайдаланып келеді, әр­қай­сысының хат мәдениеті бар, бір әріпті тастап екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес, мұндай қаржы мен қайрат қазақ түгіл, түріктің қай жұртында болса да жоқ дегенді айтады. Ғалым сол тұстағы қазаққа латын әліпбиіне көшуден гөрі, қазақ тіліне ыңғайлап жасаған өз әліпбиінің (төте жазудың) тиімді екенін жан-жақты ғылыми негізде дәлелдеуге тырысады. Аталған жиында  латын әліпбиіне көшуді ұсынып Нәзір Төреқұлов сөйлеген сөзінде «Біз латын әрпін қазаққа күшпен алдыр­ғалы отырғанымыз жоқ. Латын әрпі үй­рену-жазуға тым пайдалы, жеңіл. Түрік әрпінің біреуі төрт түрлі, латындікі бір ғана түрлі» деп араб таңбаларына қара­ғанда латын әліпбиінің баспа ісіне, бала оқытуға жеңілдігін дәлелдеуге тырысады. Осы съездегі қызу тартыс жайлы қаламгер Ерғали Алдоңғаров «Еңбекші қазақ» газетінде былай деп жазды: «Ахметті жақтап талай шешендер түрлі дәлелдер келтіріп, мысалыға қаріп белгілерін, сан белгілерін, қаріпті жию, теру жеңілдігін айтты. Латын қарпін қолдануға әлі ерте, орыс халқы алмағанда біз неге аламыз, қаріпке қызы­ғып, мәдениетімізден айырыламыз деген түрде қарсылық білдірді. Съез мәселені баспасөз бетінде еркін талқыға салу қа­жетін, сондай-ақ Астрахан және Қарақал­пақ қазақтарын қосып, толық съез шақы­рылатыны жөнінде қаулы шығарды». Қа­ламгер Ерғали Алдоңғаров «Еңбекші қа­зақтың» жауапты хатшысы бола жүріп, ха­лыққа мәселенің мән-жайын түсіндіруді өзіне борыш санаса керек. «Өнердің басы – әліпби» (14.02.1926) деген мақаласында «Заман талабы, өркениетке жету жолы – латын таңбаларына көшу болып отыр. Партия жолынан таймай, бірте-бірте осы әріпке көшкеніміз жөн, керітартпалыққа салынбалық», – деп басу айтады.

«Еңбекшіқазақ» газетінде Мәжит Үм­бет­ұлы деген оқырман былай деп жазады: «Латын қарпі, араб қарпі деген әңгіме бас­талып жүр. Араб қарпінен неге қаштық? Орыстың миссионерлері Елменский шы­ғарған қаріптен Ахмет Байтұрсынұлы қа­зақ тіліне икемдеген араб қарпі қазақ хал­қ­ына аса қолайлы тиген жоқ па?»

Міне, осы секілді түрлі пікірлер қай­шы­лығы туатыны дәл қазіргідегідей заңды құбылыс екенін жоққа шығара алмаймыз. Әрине, пікірталас тегіннен-тегін тумайтыны белгілі. Арабқа қарсылардың басты дә­лелдері: араб таңбаларының төрт түрлі болып жазылуы. Оның техника құю, теру жұмыстарына келтіретін кемшіліктері еді. Араб таңбаларында қалуды жақтаушылар басқа әліппе алғанша, арабтікін жекелейік, кемшілігін түзетейік дегенді айтқан. «Латын әрпі жайында» («Еңбекші қазақ» 24.02.1927) деген мақаласында Жан Ахмет есім­ді автор латын әрпі жазуға жеңіл, қо­лай­лы деген латыншылдардың пікірі негізсіз, дұрыс емес дейді. Латын әріптерінің көлденең сызықтары мен құйыршықтары толып жатыр деп мысалдар келтіреді. Балаға үйретуге жеңіл дегендері де бос сөз. Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуы өте қолайлы, оңтайлы деген пікірін автор орын­ды дәлелдейді. Аталған мақалада ла­тыншылдардың бірқатар пікірлеріне той­тарыс береді.

Латыншылдар тарапынан Нәзір Төре­құлов «Тағы да жаңа әліпби туралы» («Ең­бек­­ші қазақ» 21.02.1927) деген мақаласында латын қарпіне көшу мәселесі Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Қарашай секілді шығыс елдерінің бірсыпырасында көтеріліп,  қолдау тауып отырғанын айтады. Автор қазақ зиялыларының, оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының латын әрпін алуға «құбыжықтан» артық қарсы болып отыр деп ренжиді. Қошке Кемеңгеровтің «…мұн­дай өзгеріс жасауға қазақтың қалтасы тайыз, күші келмейді» сынды, Елдес Ома­ровтың «… қазаққа жаңа әріптің керегі жоқ, біздің маңдайымызға біткен ұлт әрпіміз бар. Өгей әріп қазаққа жанаспайды» деген көзқарастарын Нәзір Төреқұлов қатты сынайды.

Әліпби мәселесі жөнінде 1926 жылы наурыз айында Баку қаласында Түрік білім­паздарының съезі болды. Аталған  жиын­ға  Қазақстаннан Ахмет Байтұр­сын­ұлы, Біләл Сүлейұлы, Елдес Омарұлы, Әзиз Байсейітұлы барды. Съезге түрік нәсілді ұлттардың көбінің өкілдерімен қоса Бартольд, Олденбург, Крымский, Менсель сынды батыс халықтарының профессорлары да қатысты. Съезде қосымша баяндама жасаған Әлімжан Шарапұлы «…емле түзеу жүзінде түрік жұрттарының алда­ғысы қазақ. Қазаққа латынға көшіп, көп қаражат, шығын шығарудың қажеті жоқ. Латын қарпінің қазіргі қарпімізден артық­шылығы шамалы» дегенді айтты. Ахмет Байтұрсынұлы да азғантай күшімізді мектеп үйлерін салу мен оқулықтарға жұм­сауы­мыз керек. Қаріп мәселесіне мұқтаж­дық туып отырған жоқ дегеннен танбады.

Нәзір Төреқұловты қолдаған «латыншыл» қаламгер Абдрахман Байділдин «Жаңа әліппе туралы» (1928 ж.) деген кіта­бын­да арабшылдардың бірқатар пікірлерін өткір сынға алды. Қаріп мәселесі төңі­ре­гіндегі қазақ зиялылары Қызылордада, Таш­кентте бас қосқан жиындарда Міржа­қып Дулатов пен Қошке Кемеңгеров латыншылдарды халықтың мәдени және әлеу­меттік жағдайын ескермегендіктен
«…же­лікке ерген демогоктар» дейді. Латыншыл Әбдірахман Байділдин осы пікірге Ә.Бөкейханов («Қыр баласы» деп көрсетеді) пен Елдес Омаров та қосылғанына қын­жылады. Әбдірахман Байділдин «Қазан төң­керісінен кейін еңбекшілердің шаруа­шылығы дамыды, мәдени тілектері өсті. Оны орындауға араб әрпі жарамсыз. Латын таңбаларына көшу «желіккендік емес, заман талабы» дегенді айтады.

1927 жылдың қысында Қызылордада өткен айтыста арабшыл Ілияс Ахметұлы латын әрпін алу мәселесі Қазан төңке­рі­сі­нен кейін туып отырған, патша отаршыл­дық саясатты күшейткен заманда туындады депті. Оның пікірінше, орыс патшасы та­тарды жеңіп, Азияны өзіне қаратып, латын әрпінің бір тарауына орыс әрпін алдыруға күш салған. Орыстың миссионерлері азғырып, дінін, тілін бұзу үшін оларға лайықтап дербес әріп шығарды. Ла­тын әрпі түсін бояп келген орыс әрпі деген пікірін ашық айтты. Ал  Ә.Байділдин бұл пікірге «латыншылдар-миссионерлер, латын әрпін алу – отаршылдық дегенге қазіргі заманда кім сенеді?» деп таңданады. Ілияс Ахметұлының бұнысы «дүмшелік» деп түйіндейді. Ақиқатына келсек, Ілияс Ахметұлының «отаршылдық» дегені жаны бар сөз. Халықты сан ғасырлар бойы пайдаланып келген жазуынан айыру, қорда­ланған жазба мұрадан қол үздіру, өткенін өшірумен, рухани тамырынан айырумен пара-пар емес пе? Смағұл Сәдуақасовтың «…латын әрпін алудың саяси қорқынышы бар, молдалар қарсы болады. Араб таң­ба­лары ислам дінінің таянышы, әріптен қол үзсек дінімізден де қол үземіз» деген көз­қа­расын Ә.Байділдин мен Н.Төреқұлов «ескішіл», «діншіл» деп жерден алып, жерге салады. Сондай-ақ  Ж.Аймауытов, Қ.Ке­мең­геров, М.Дулатовтардың латын әрпін алсақ, халық жаппай сауатсыздыққа ұрынады деген ескертпелерін халықты үркіту үшін айтылған деп санайды.

Қошке Кемеңгеров пен Міржақып Ду­ла­тов «латын әрпін алуға ерте, алдымен одан басқа керектерімізді орындауымыз ке­рек» деген мәселе көтереді. Оларға Нәзір Тө­реқұлов «неге ерте, неге кеш емес? Бұ­ла­рыңыз дұрыс десек қалыңмал алу әдетін жою да ерте, қазақтың республика болуы да ерте,  Мадияр мен Қошмамбеттердің «ла­пылдап» қарсы шығулары да ерте» деп жауап қайтарған.

1927 жылы Қызылордада шыққан «Әліп­пе айтысы» деп аталатын жинаққа араб­­­­шылдардың да, латыншылдардың да пі­кір­лері толық енгізілді. Ахмет Бай­тұр­сын­ұлының араб әліпбиін жақтаған баян­да­масын, Телжан Шонанұлының латын таң­баларын жақтап сөйлеген сөзін, сон­дай-ақ  Омарұлы Елдес, Ермекұлы Әлімқан, Бұралқыұлы Мұстапа, Байтасұлы Абдулла сынды қаламгерлердің пікірлерін ұсынған.

Бірнеше сауат ашу құралдарының авторы, қаламгер Телжан Шонанұлы әліпби мә­селесі көтерілгелі бері пікірталасушылар емле мен әліпбиді шатастыруда дей келіп, «Емлеміз жақсы дегенге қосыламыз. Бірақ таңбамыз, әліппеміз, арабымыз жақсы дегенге қосылғым келмейді. Орыс жолдас­тар: қазақ латын әліппесін алса, қазақша тез үйренеміз дейтін көрінеді. Бұл тіл мен әліппені шатастыру болады. Бұл да дұрыс емес. Осындай шатастырулар арабшыл жолдастар арасынан көбірек табылады» деп Елдес Омаровтың «латыншылдар ғылым терминдерін қазақшалауға қарсы» деген пікірін теріске шығарады. Телжан Шонанұлы әліппе өзгерсе тіл өзгереді дегендердікі жөнсіз деген тұжырымға келеді. Қаламгер қай әліпби тілге үйлесімді, жазуға жеңіл, сауат аштыруға қолайлы, баспа ісіне тиімді деген мәселелер төңірегінде өз тұ­жы­рымдарын айта келіп,  Ахмет Байтұр­сын­ұлының бірқатар ұстанымын теріске шығарады.

1928-29 жылдары латын-қазақ әліп­биін жасаушылардың бірі Халел Досмұ­хамед­ұлы болды. X.Досмұхамедұлы қазақ халқы қолданып отырған араб таңбаларын тастап, латын қаріптерін алуға қарсы бол­ғандығын мынадай пікірінен аңғартады: «…Нәзір айтқандай, менің латын әрпін алуға қарсы екенім рас. Бірақ латынға қар­сы екенімді біле тұра маған латын әріп­терінің жобасын жазып беруге тапсырған соң, сол жобаны жасағаным да рас».

Сөзінің соңында қайраткер ғалым «…жазу мәселесі өте зор мәселе. Оны жете тек­серіп барып шешу керек» деп ескертеді.

Латын қарпіне көшуге байланысты пі­кірталас 7-8 жылға созылды. Қазақ зия­лыларының көпшілігінің қарсылығына қарамастан қазақ елі 1929 жылы 24 қаң­тарда Қазақстан Орталық кеңес комитеті IV сессиясының қаулысымен латын қар­піне көшірілді. Жаңа әліпті мерзімді басылымдар арқылы насихаттау бағытында Орталық жаңа әліпби комитеті 1929 жылы «Жаршы»  журналын шығарды. 1935 жылы жаңа қаріпті насихаттау мақсатында  «Төте оқу»  газеті жарық көрді. Аталған басылым 1939 жылдың наурыз айынан 1941 жылдың сәуіріне дейін «Сауатты болуға көмекші» деген атпен шығып келді. 1941 жылы «Жаңа жазу»  деп өзгерді.

Қашанда өз заманының өзекті проблемаларын көтере білген қазақ баспасөзінің бетінен әліпби мәселесі, ол жайындағы қызу пікірталастар ауық-ауық көрініс бе­ріп отырды. Өйткені жазу, әліпби әрбір ха­лықтың рухани және мәдени өсуімен қатар даму деңгейін көрсететін аса зор әлеуметтік мәні бар құбылыстың бірінен саналады. Оның кешегісі мен бүгінгісінің қоғамымыздың даму заңдылықтарымен бірге өзгеріске ұшыраған өзіндік тарихы бар. Түркі халықтарының әліпбиі отарлау­шы елдердің жойқын күшімен сан түрлі өзгеріске ұшырап, тағдыр тәлкегін бастан кешірді. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін жазу алмастыру мәселесі тағы күн тәртібіне қойылып, осыған қатысты әртүрлі пікірлер баспасөз бетінде көрініс берді.

1993 жылы 30 желтоқсанда белгілі фи­ло­лог Әбду-әли Қайдар «Ана тілі» басылы­мындағы «Кемел елге, кемел әліпби керек»  деген  Елбасына арналған ашық хатында латын таңбаларына көшуді ұсынған болатын. Осы ұсыныстан кейін әліпби ауыстыру мәселесіне қатысты баспасөзімізде төрт түрлі пікірдегі жарияланымдар орын алды.

Біріншісі, латын таңбаларына көшуді ұсынушылар.  Екіншісі, кириллица таңба­сын­да қалуды жөн көретіндер пікірі. Үшін­шісі, Ахмет Байтұрсынұлы түзген төте жазу­ға ауысуды дұрыс санайтындар. Төр­тін­шісі, көне түркі жазуына көшуді қол­дайтындар.

Осы пікірлердің қайсысы дұрыс, қай­сысы бұрыс екенін анықтап, сараптама жа­сап, баға беретін уақыт келді.

Қазақстан халықтары ассамблеясының XII сессиясында Елбасы сөйлеген сөзінде бес мәселеге ерекше тоқталып өтті. Со­лар­дың бірі латын әліпбиіне көшу мәселесі бол­ды. Президент өз сөзінде «Қазақ әліп­биін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қай­та оралу керек. Бір кездері біз оны кейін­ге қалдырған едік. Әйтсе де, латын қар­пі коммуникациялық кеңістікте ба­сым­дыққа ие. Және де көптеген елдер, соның ішін­де посткеңестік елдердің латын қар­піне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жар­ты жыл ішінде мәселені зерделеп, нақ­ты ұсыныстармен шығулары тиіс» деп атап көр­сетті. Саяси-әлеуметтік жағынан, мә­дени-рухани қырынан қай әріп қазаққа қо­лайлы, тиімді екенін зерттеп, бір тоқ­тамға келетін сәт туды.

 

Мәрия МАЙЛЫҚҰТОВА,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті журналистика факультетінің оқытушысы

«Түркістан», №5, 1 ақпан, 2007

 

 

Редакция таңдауы

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century («16 ғасырдан...

Елорда Жазушылар үйінде екі игі шара өтті

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы биылғы жылды екі маңызды іс-шарамен бастады. Әдеби басқосу аясында елордалық бөлімше директоры Дәулеткерей Кәпұлы жастар шығармашылығы жөніндегі орынбасарын...

Қазақ каскадерлері «Taurus» сыйлығына ие болды

Қазақстандық каскадерлер тобы Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Taurus» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл әлемдегі каскадерлердің ең беделді кәсіби сыйлығы, оны біздің «Қазақфильм»...

Қазақтың «қазақ» атын қайтарған қайраткер

Түпқарағанда патша заманында Николаев стансасы деп аталған елді мекенге Кеңес үкіметі басшылығы халыққа ешқандай еңбегі сіңбеген Алексей Егорович Баутиннің есімін берген. А.Баутин кедей, кәдімгі...
50317ca3 9ab7 4289 8474 eb352606e98c

Болат ЗАУТҰЛЫ, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты: қандастарды солтүстік өңірге ынталандыру арқылы қоныстандыру қажет

Жаңадан сайланған қоғам белсендісі Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Болат Заутұлы қандастарды солтүстік...
ggtg

Конор МакГрегор аралас жекпе-жектен шеттетілді

Ирландиялық спортшы Конор МакГрегор аралас жекпе-жектен (ММА) жарты жылға шеттетілді. Тengrinews.kz сайтының MMAJunkie басылымына...
ff

Учаскелік инспекторларға бюджет есебінен баспана сатып алынады

Алматы қаласында бюджет есебінен учаскелік инспекторлар үшін өздеріне бекітілген аумақта баспана сатып...

Жаңалықтар

Болат ЗАУТҰЛЫ, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты: қандастарды солтүстік өңірге ынталандыру арқылы қоныстандыру қажет

Жаңадан сайланған қоғам белсендісі Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Болат Заутұлы қандастарды солтүстік өңірге ынталандыру арқылы қоныстандыру қажет екенін айтаты. Толықырақ сюжеттен көре аласыздар. https://www.youtube.com/watch?v=IIKqAP6lGBo&feature=youtu.be&ab_channel=GAKKUTV Видео: Нұржан...

Конор МакГрегор аралас жекпе-жектен шеттетілді

Ирландиялық спортшы Конор МакГрегор аралас жекпе-жектен (ММА) жарты жылға шеттетілді. Тengrinews.kz сайтының MMAJunkie басылымына сілтеме жасап жазуынша, МакГрегор денсаулық жағдайына байланысты октагонға шыға алмайды. Оның оң...

Учаскелік инспекторларға бюджет есебінен баспана сатып алынады

Алматы қаласында бюджет есебінен учаскелік инспекторлар үшін өздеріне бекітілген аумақта баспана сатып алынады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ішкі істер органдарын реформалауды жүзеге асыруда учаскелік...

Президент «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша оқулық даярлауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлауды тапсырды. «Оқушыларды оқыту мен дамытудың басқа да түрлері арасында дұрыс теңгерім болуы...

Қазақстандық вакцинаны салдырамын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты. Қазіргі ауыр жағдайдан шығудың жолы вакциналауға байланысты екеніне ерекше тоқталған Мемлекет басшысы:...

Елімізде ҰБТ толықтай электронды форматқа көшіріледі

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. "400 балабақша ашылып, 3-6 жас аралығындағы балаларды...

Мемлекет басшысы баспана бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды тапсырды

Мемлекет басшысы Тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беру...

Халыққа берілетін несиенің үстемақысы 6 пайыздан аспауы тиіс – Президент

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа берілетін шағын несиелердің үстемақысы 6 пайыздан аспауы тиіс екенін айтты. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы. Оның...

Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілетінін айтты

Пессимистік сценарий бойынша елімізде күн сайын коронавирус жұқтырудың тоғыз мың дерегі тіркелген жағдайда карантин шаралары қатаңдатылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі...

Үкімет басшысы биыл қай сала қызметкерлерінің жалақысы өсетінін айтты

Биыл 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты. «Үкімет биыл халықты жұмыспен қамту және табысын...

Алматыда 50 жастағы әйелді автобус қағып, мерт қылды

Алматыда 50 жастағы әйелді автобус қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол апаты бүгін, 26 қаңтар күні таңертең О.Жандосов пен...

Ұлтының ұмытылмас тұлғасы – Cапар Байжанов

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетіндегі Е.Шәймерденов атындағы аудиторияда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі жазушы-публицист Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына орай...

Әлі дүниеге келмеген баласын сатпақ болған жұп ұсталды

Хорезм облысының Ургенч ауданындағы Бекабад ауылының тұрғыны әлі туылмаған баласын сатуға әрекет еткен. Бұл туралы өзбекстандық басылымдарға сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.  Жергілікті...

Тұрғын үй құрылысы: Қазақстан ТМД елдері арасында 1-орынға шықты

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында тұрғын үй құрылысы саласында 1-ші орында, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, былтыр Қазақстанда тұрғын...

«Жарқыраған мың күн» кітабы  2021 жылдың Жыл кітаптары тізіміне енді

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен, сонымен қатар ҚР Мәдениет және...

Әлемде гауһарға сұраныс артты

Әлемде бірнеше жыл тоқыраудан кейін гауһар сатылымының тез қалпына келуі байқалады, деп хабарлайды Bloomberg.  Басылымның мәліметінше, De Beers тау-кен компаниясы шикі алмаз шикізатын жеткізу бойынша...

Елімізде коронавирустан көз жұмғандар көбейді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте қанша адам көз жұмғанын хабарлады. Өткен тәулікте коронавирустан 15, пневмониядан үш адам қайтыс болды. 1266 адам вирус жұқтырса,...

Дәрігер қорқор шегудің басты қаупін атады

Ресейдің қатерлі ісікке қарсы қоғамының басшысы, Блохин атындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының бөлім меңгерушісі Давид Заридзе НСН-ге берген сұхбатында қорқор шегудің қауіптілігі туралы айтты. "Біз...

69 млн теңге: Дүкеннен сәбіз сатып алған жігіт аяқ астынан байып кетті

Ұлыбританияда көкөніс сатып алған ер адам кенеттен байып шыға келді. Бұл туралы Daily Star-ға сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Сүйіктісі Трейсимен бірге тамақ әзірлемек болған Мартин...

Қазақстанда бір тәулікте 1266 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 266 жағдай тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.  Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында -21576(+91), Алматы қаласында - 21408(+132), Шығыс Қазақстан облысында - 19880 (+45), Атырау облысында...

COVID-19: Ғалым вакцинациялаудың шекті жасын атады

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның шекті жасы — 80-85 жас. Биология ғылымдарының докторы, Джордж Мейсон университетінің (АҚШ) жүйелік биология мектебінің профессоры, Ресей ғылым академиясының Медициналық-генетикалық ғылыми...

ШҚО-да есірткі сататын 21 жастағы қыз ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында алдын ала белгілі бір орындарға салып қою арқылы синтетикалық есірткі таратумен айналысатын жас қыз анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 11 қаңтарда Есірткі...

Маңғыстауда бала зорлаған қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айрылды

Маңғыстауда бала зорлау қылмысына алғаш рет өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі...

Димаш Құдайберген тыңдарманымен тікелей эфирде жүздеспек

Әлемге әйгілі отандасымыз Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен тікелей эфирде жүздесуге уәде берді. «Сәлем, Dears! Менің алғашқы онлайн-концертімді көргендеріңіз үшін рақмет! Мен және менің командам бұл кешті...

Мемлекет басшысы ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер...

Алматыда жүргізуші «Сергек» камераларын алдамақ болған

Алматыда жол талғамайтын көліктің жүргізушісі "Сергек" камераларын алдамақ болған, - деп хабарлайды Polisia.kz. 35 жастағы азамат жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, жазадан жалтару мақсатында көліктің алдыңғы...

Белсенді Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз жазды

Белсенді Әйгерім Тілеужанова бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовты жауапқа тартуды талап етіп полиция департаментіне өтініш берді, деп хабарлайды NewTimes.kz. Бұл туралы белсенді жексенбі күні өзінің...

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Путинді жау деп атады

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба оппозиция Алексей Навальныйды қолдайтынын айтып, пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz. "Менің жауымның жауы-менің досым. Мұны Навальныйға қазір наразылықтардың бейнесі...

Денесін бөлшектеген: Атырау облысында өз туысын өлтірген мұғалім келіншек ұсталды

Әлеуметтік желіде жазда Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында өз туысын өлтіріп, денесін ауладағы сарайда сақтаған мұғалім келіншек туралы ақпарат тарады, деп жазады "Ақ...

WhatsApp 30 миллионнан астам қолданушысынан айрылды

WhatsApp мессенджері қаңтар айының басынан бері 30 миллионнан астам қолданушысын жоғалтқан. Бұл туралды The Guardian хабарлады. Басылым дерегінше, бұған қолданушылардың қосымшаның жаңартылған нұсқасына көңілі толмауы...

Нұрсұлтан Назарбаев Асхат Аймағамбетовтің есебін тыңдады

«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне білім және ғылым саласының...

Елбасы Талғат Донақовты қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында...

Көкшетаулықтар вакцинацияға қарсылық білдіріп алаңға шықты

Көкшетау қаласының тұрғындары алаңға жиналып, жаппай вакцинациялау мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қарсылық білдірді. Онымен қоса бейнеүндеу түсірген. Видео әлеуметтік желіде "Көкшетауда митинг басталды"...

Қарақия ойпатындағы қоқыс үйіндісі жойылды

Қарақия-Қаракөл қорығының аумағында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады облыстың экология департаменті. Мұнайлы аудандық ТКШ бөлімінің қызметкерлері Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қаумалының мамандарымен бірлесіп сенбілік өткізді. -...

Коронавирустан қайтыс болған науқастардың туыстары наразылыққа шықты

Бүгін Бішкекте коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары Денсаулық сақтау министрлігінің ғимараты алдында пикет ұйымдастырды. Наразы топ бас пульмонолог Талантбек Сооронбаев пен министрдің орынбасары Мадамин Каратаевтың...

Трамп өз партиясын құру туралы жоспарынан бас тартты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдегі демократтармен және республикашылармен бәсекелес болатын үшінші ірі саяси партия құру туралы ойынан бас тартты. Бұл туралы Fox News...

Зейнетақы жинағын пайдалану: Порталдағы өтініміңіз жойылса не істеу керек?

«Отбасы» банкі enpf-otbasy.kz онлайн-платформасының жұмысын түсіндірді. «Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін: 1. Егер қажет...

SpaceX орбитаға жіберілген спутниктер саны бойынша рекорд жаңартты

SpaceX компаниясы спутниктердің рекордтық көрсеткіші – 143 аппараты бар Falcon 9 зымыран тасығышын ұшырды, деп хабарлайды РИА Новости. Бұдан бұрынғы рекорд 2017 жылы Үндістанда тіркелген...

Масканың орнына респиратор: Қорғаныс құралдарын пайдалану талаптары күшейтілді

25 қаңтардан бастап Австрия тұрғындары дүкендерде немесе қоғамдық көліктерде маскалардың орнына жоғары дәрежелі FFP2 қорғаныс респираторларын қолдануға міндеттелді. Бұл жаңалықты Австрия канцлері Себастьян Курц...

Шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету жобасы талқыланды

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы арасында кездесу өтті. Жобаның басты мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтардың...

Елімізде баланың жүрген жерін анықтайтын жүйе іске қосылады

Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін "Тап мені" жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп...

Коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқандар жұмыстан қуылды

Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан айрылды.  Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме басшысы әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де вакцина алуға шақырған....

Ертең Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. «Ертең, яғни 26 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

Ер адам бастығы берген сыйлықтың арқасында 84 млн теңгеге байыды

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Шарлотт қаласының тұрғыны бастығынан Рождествоға сый ретінде алған лотерея билетінің арқасында ірі олжаға кенелді, деп хабарлайды UPI басылымы.  Та’Вон Бэттс...

Интернет арқылы көлік сатып алмақ болған Петропавл тұрғыны жарты миллион теңгесінен айрылды

Интернетте автокөлік сатып алмақ болған петропавлдық жарты миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Интернет-алаяқтық саны артып келеді, қылмыскерлер де түрлі амал-тәсілдерді ойлап табуда. Веб-ресурстардың...

1 ақпаннан бастап Алматы толығымен цифрлық телехабарға көшеді

1 ақпаннан бастап Алматы қаласы толығымен цифрлық эфирлік телехабарға көшеді, – деп хабарлады қала әкімдігі. 2021 жылдың 1 ақпанында Алматы қаласында «Көктөбе» телемұнарасында цифрлық эфирлік...

Бауыржан Байбек «Jas Otan» мен жас депутаттарға жүктелетін міндеттерге тоқталды

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Jas Otan» Орталық кеңесінің отырысында Нұржан Жетпісбаев «Nur Otan»-ның жастар қанатының жаңа басшысы болып сайланды. Бұл туралы партия...

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен Семей қаласының әкімі қызметіне Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды. Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын,...

Еліміздің кей аймақтарында күн жылынады

"Қазгидромет" 26-28 қаңтардағы ауа райы туралы болжамдарын айтты. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің кей аймақтарында аяз бәсеңдеп, күн жылынады.  Солтүстік Қазақстан облысында аяз бәсеңсіп, қар жауады, бұрқасын...

COVID-19: ШҚО-да қайтадан блокбекеттер қойылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақтағы шектеу шараларын 2021 жылдың 25 қаңтарынан 7 ақпанына дейін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды. Құжатқа сәйкес, облыста санитарлық...

Петропавлда аялдамаларға бейнебақылау камерасы орнатылды

Петропавлда бұзақылықпен күресу үшін әр автотұрақ, аялдамалардың жанына бейнебақылау камерасы орнатылды. Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, облыс орталығында қосымша жаңа 120 бейнекамера пайда болды. Бұл –...

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Денсаулық сақтау министрлігі 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен қаласы «қызыл» аймақта тұр....

Бойжеткен үшін бір-біріне оқ жаудырған азаматтардың үстінен қылмыстық іc қозғалды

Нұр-Сұлтанда жас жігіттер бойжеткен үшін бір-біріне оқ жаудырды, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. Елорда тұрғыны Эльмира Баекешева түнде болған атыс туралы Facebook-тегі парақшасында жазды. «Түннің...

Карантин: Маскасыз суретке түскен депутаттар айыппұл төлейтін болды

Семейде маска тақпай суретке түскен қалалық мәслихат депутаттарына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері мәлімдеді. Arnapress.kz сайтының мәліметінше,...

Елімізде 1 480 адам коронавирус жұқтырды

Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, 24 қаңтар 23:59-дағы эпидемиология жағдай бойынша 1 480 адам коронавирус жұқтырды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 211 Алматы қаласы - 135 Шымкент...

Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды

Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды. ҚазАқпараттың Globo телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, апат орнында...

Аяз күшейеді: 10 өңірде ескерту жарияланды – Қазгидромет

Бүгін, қаңтардың 25-і күні, еліміздің басым бөлігінде күн суытып, көктайғақ болады, тұман түсіп, аяз күшейеді, – деп хабарлады Қазгидромет. 25 қаңтарда Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан...

Нью-Йоркте Навальныйды қолдау акциясында Қазақстан туы көтерілді

23 қаңтарда Алексей Навальныйды қолдау акциясы тек Ресейде емес, басқа да бірнеше мемлекетте өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нью-Йорктегі Таймс-скверде көптеген адам ту және...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындауларға шолу

Өткен апта ішінде жаңа Үкіметтің құрамы белгілі болды. Ведомстволарда вице-министрлер мен аппарат басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Апта басында Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Президент...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century («16 ғасырдан...

Төрт бірдей олимпиадаға қатысқан қазақстандық шаңғышы жол апатынан қайтыс болды

Төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті. Байрақты додаларда...

«UFC – оның деңгейі емес». Жалғас Жұмағұлов тағы да жеңіліп қалды (видео)

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-4) Абу-Даби (БАӘ) қаласында ұйымдастырылған UFC 257 турнирінде швециялық спортшы Амир Альбазиден (13-1) жеңіліп қалды. Үш раундқа созылған жекпе-жек Альбазидің пайдасына шешілді, алайда...

Атышулы Конор Макгрегор Порьеден техникалық нокаутпен жеңілді (видео)

Абу-Даби (БАӘ) қаласында өткен UFC 257 турнирінің басты кездесуінде  ирландиялық файтер Конор Макгрегор (22-4) америкалық аралас жекпе-жек шебері Дастин Порьеден (26-6-1) жеңіліп қалды. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын,...

Әлемге әйгілі тележүргізуші өмірден өтті

Америкалық тележүргізуші Ларри Кинг қайтыс болды. Қаралы хабар оның Twitter-дегі аккаунтында жарияланды. Америкалық тележүргізуші, журналист Ларри Кинг 87 жасында дүниеден озды. Кинг сенбі, 23 қаңтарда Лос-Анджелестегі...

Елорда Жазушылар үйінде екі игі шара өтті

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы биылғы жылды екі маңызды іс-шарамен бастады. Әдеби басқосу аясында елордалық бөлімше директоры Дәулеткерей Кәпұлы жастар шығармашылығы жөніндегі орынбасарын...

Балғынбек Алексей Цойды қарғап тастады

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың көктемде коронавирустың елімізде таралу ауқымы жайлы болжамына қарғыспен қарсылық білдірді. Ақын өзінің Instagram парақшасында «Қой үстіне...

Қазақ каскадерлері «Taurus» сыйлығына ие болды

Қазақстандық каскадерлер тобы Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Taurus» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл әлемдегі каскадерлердің ең беделді кәсіби сыйлығы, оны біздің «Қазақфильм»...

Жандос Бүркітбаев вице-министр қызметіне тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жандос Қонысұлы Бүркітбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында...

Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл жөнінде Елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде елорда әкімі Елбасыға қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен саниталық...

Тоқаев Алексей Цойға карантин жағдайын қатаң бақылауды тапсырды

Президент  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде...

Зинедин Зидан коронавирус жұқтырды

«Реал Мадрид» испан футбол клубының жаттықтырушысы Зинедин Зиданның коронавирус инфекциясына жасалған тесті оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. Зидан 2019 жылы...

Әлия Назарбаева: Барлығына бірдей көмектесе алмаймын

Әлия Назарбаева Instagram-ға көмек сұрап, өтініш білдіріп жазатын адамдар туралы айтты. Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! ⠀ Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады! ⠀ Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді:...

Зейнетақы жинағы ең көп өңірлер аталды

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова тұрғындарының зейнетақы жинағы ең көп 4 өңірді атады. «658 млрд теңге! Алматы қаласындағы салымшылар (зейнетақының бір бөлігін...

Қырғыз Республикасының жаңа президенті салтанатты ұлықтау рәсімінен бас тартты

Қырғыз Республикасының жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі кезіндегі арнайы кортеж бен банкеттен бас тартты. Садыр Жапаров бұл туралы өз көзқарасын Қырғызстан президентінің ресми...

Индонезиядағы Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды

9 қаңтарда апатқа ұшыраған индонезиялық Sriwijaya Air авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы қозғалтқышты басқару жүйесінің бұзылуына байланысты құлауы мүмкін. Бұған Boeing 737-нің қара жәшіктерінің бірінен алынған...

Этникалық қазақтар қандас мәртебесін сирек ала бастаған

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға қоныс аударған 13 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл 2019 жылға қарағанда 4 мың адамға аз, деп хабарлайды...

Мақтааралдықтар көктемгі егіс жұмыстарын бастап кетті

Мақтаарал ауданының шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің...

Еліміздің бірқатар өңірінде жол жабылады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран) барлық автокөлік түрлері үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірқатарына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол». Алматы –...

Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың аты жарияланды

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың атын жария етті. «Сайттың атын алғаш рет жария етейін. Ол -...

Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет: Нидерландыда коменданттық сағат енгізіледі

Нидерланды парламенті елдің уақытша үкіметінің коронавирустық пандемия жағдайында мемлекет аумағында коменданттық сағат енгізу туралы ұсынысын көпшілік дауыспен қолдады. Бұл туралы заң шығарушы органның сайтына...

«Nur Otan»: Азаматтарды қабылдау қайта жанданды

Мұқтаж жандарға көмек көрсету алматылық нұротандықтардың басты назарында. Биылғы жылы қаланың мемлекеттік мекемелері басшыларының азаматтарды қабылдауы қайта басталды. Бұған дейін ол Парламент Мәжілісі мен...

«Сергек» көмекке келеді: Енді алимент төлемегендерді жазалау оңайға түспек

Биылдан бастап алимент төлеуден жалтарып жүргендерді анықтауға «Сергек» жүйесі қолданылады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев мәлімдеді. «Биыл бұл жұмыстарды жандандыра түсетін екі жайт...

«100 млн доллар сыйақы беремін»: Илон Маск бірегей технология үшін байқау жариялады

SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск көмірқышқыл газын ұстап қалудың ең тиімді технологиясын ойлап тапқан адамға 100 миллион доллар төлеуге уәде берді. "Мен көмірқышқыл газын...

Ақтөбеде мүгедек қарияларды көсеумен ұрып, бар ақшаларын алып кеткен күдікті ұсталды

Ақтөбе полициясы қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады. Ол үй иелерін ұрып-соғып, қолда бар ақшасын алып кеткен. Полицияға белгісіз біреудің терезе арқылы кіріп, отбасы мүшелерін көсеумен ұрып...

Президент ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды

Аргентина президенті Альберто Фернандес коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Интерфакс. Мемлекет басшысының вакцина алу кезіндегі суреттері жергілікті басылымдарда жарияланды. Бұған дейін...

Аида Балаева: Президент қол қоймаған кез келген заң жобасы тиісті өзгерістерге құқылы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қаласында «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауға қатысты жиында аталған құжаттың мақсат-міндеттерін түсіндірді.  «Қоғамдық бақылау туралы» заң...

«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды

«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры болып Мәдина Нұрғалиева тағайындалды. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа басшылық алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды. Соның...

Қазақстандық депутаттардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Еліміздегі депутаттардың айлығы 550 мыңнан басталады. Еңбек өтіліне қарай 800 мың теңгеге дейін жалақы алатындары да бар, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Телеарна таратқан...

Зейнетақы жинағын пайдалану: ертең өтінім беретін онлайн-платформа іске қосылады

«Отбасы банк» 23 қаңтарда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану үшін өтінім беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады. «Отбасы банктың» хабарлауынша, бүгінге дейін банкте арнайы 57 мың...

Ақтөбе облысындағы кеніште болған қайғылы оқиғаның себебін атады

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Весенне – Аралчинский» жерасты кенішіндегі қайғылы оқиғаның себеп-салдары белгілі болды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2020...

Қазақтың «қазақ» атын қайтарған қайраткер

Түпқарағанда патша заманында Николаев стансасы деп аталған елді мекенге Кеңес үкіметі басшылығы халыққа ешқандай еңбегі сіңбеген Алексей Егорович Баутиннің есімін берген. А.Баутин кедей, кәдімгі...

Жағдайың қалай, Жаңатас?

Кеңес Одағы кезінде Мәскеудің тікелей қамқорлығында болып, қарқынды дамыған Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының  тоқсаныншы жылдары терең тоқырауды бастан өткергені белгілі.  Экономикалық байланыстардың үзілуінен фосфор...

Орысшада – көп, қазақшада – біреу-ақ

Парламенттің қос палаталарының қа­тысуымен – С участием обеих палат Пар­ламента. Бұл – қазіргі қазақ тіліндегі ең жиі кез­десетін, орыс тілінің ықпалымен туын­даған қателердің бірі. Сан...

«Бірінші байлық денсаулық екенін есте ұстайықшы!». Мейрамбек Бесбаев денсаулығына алаңдаған жұртқа алғыс айтты

Коронавирус індетіне шалдығып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген танымал әнші Мейрамбек Бесбаев өзінің денсаулығына алаңдаған туған-туыс, барша жұртқа алғыс айтты. «Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына...

Әсел Робертс АҚШ президенті протоколының басшысы міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Қазақстан тумасы Әсел Робертс АҚШ президенті протоколының басшысы міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайты. «Әсел Робертс 2021 жылғы 20 қаңтардан...

Алдағы үш күнде еліміздің солтүстігінде -40 градусқа дейін аяз түседі

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады. «Салехард аудандарынан суық антициклон Қазақстанның ауа райына әсер етеді. Жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі...

Мәслихат мандатын алған қандастардың қарасы көп

Естеріңізде болса, былтыр дәл осы қаңтар айында «Nur Otan» партиясының жиынында cөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев: «Келесі сайлауда жергілікті мәслихаттарға қандастарымызды көптеп тарту керек» деген...

Популизм – жастарды ұшпаққа шығаратын жол емес

Тәуелсіздік алғаннан кейін-ақ жастар сая­сатына ерекше көңіл бөліне бастады. Бар­лық облыста, қала мен аудандарда, елді мекендерде Жастар ісі жөніндегі комитеттер құ­рыл­ды. Ал қазір жастар...

Ералы Тоғжанов Қордайдағы вакцина шығаратын зауыттың құрылысымен танысты

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысының Қордай ауданына барды, – деп хабарлады primeminister.kz. Жұмыс сапары барысында вице-премьер Гвардейский ауылындағы биологиялық...

Таразда түрмеге жолданған тіс жуатын пастаның ішінен есірткі табылды

Тараз қаласында түрмедегі азаматқа жолданған сәлемдемеден күдікті зат табылды. Оқиға Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алды. Ерекше режимдегі мекеменің ережесін бұзғандар сәлемдеме жолдау арқылы жымысқы ойын...