Мемлекет басшысы Алматыда ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты. 

«Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады»-деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

 

Back to top button