2,5 жыл бұрын ғайып болған баланы педофил қоймаға жасырып келген

2,5 жыл бұрын ғайып болған баланы педофил қоймаға жасырып келген

2,5 жыл бұрын ғайып болған баланы педофил қоймаға жасырып келген
ашық дереккөзі

Германияда педофил деп күдіктелген азаматтың үйінен екі жарым жыл бұрын жоғалған жасөспірім табылды. 

Немістің Рекклингхаузен қаласының тұрғыны балалардың порнографиялық жазбаларын тартты деген күдіккке ілініпті. Оның үйін тінтуге рұқсат алған полицейлер сол жерден жоғалып кеткен 15 жастағы Марвин есімді жеткіншек табылған, деп жазады Stan.kz.

Жасөспірім 2017 жылдың 11 шілдесінде із-түзсіз ғайып болған. Сол күні достарымен кездесуге шыққан ол соңғы рет WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама жіберген. Осы уақытқа дейін үйдің қоймасында тұрып келіпті. Оның үстінде екі жыл бұрын киіп кеткен киімдері болған.

Марвиннің айтуынша, оны таза ауа жұтуға бірде-бір рет шығармапты. Дегенмен оның денесінде жарақаттар анықталмаған. Бозбала үйне қайтарылып, тәртіп сақшылары тергеу амалдарын бастап кетті.