Бәссауда: Қалталылар Павлодар облысы әкімінің портреті үшін "тартысты"

Бәссауда: Қалталылар Павлодар облысы әкімінің портреті үшін "тартысты"

Бәссауда: Қалталылар Павлодар облысы әкімінің портреті үшін "тартысты"
ашық дереккөзі
Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовтың портреті жаңа жылдық қайырымдылық балында ұйымдастырылған аукционда сатылымға қойылды.  «Бұл картина кеше 700 мың теңгеге сатылды, ал 28-30 миллионға сатылды деген жүргізушілердің әзілі болатын», - деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет Қазақпаратқа берген түсініктемесінде. Аукционға қойылған Болат Бақауовтың портреті туралы екі минуттық видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Онда екі әлеуетті сатып алушы арасындағы негізгі «тартыс» көрсетілген. Ол видео Жаңа жылға арналған қайырымдылық балы кезінде Павлодардың «Ертіс» қонақ үйінде түсірілген. Жазбада он екі миллионнан басталған сауда жазылып қалған. Аукционның қызған кезінде екі жүргізуші тіпті саудаласушылардың сахнаға шығуын өтінген. Ол уақытта аймақ әкімінің портретін сатып алуға үміткерлер қалмаған болатын. "Бұл картинаны әкімге ауған соғысы ардагерлері сыйлаған болатын", - деп атап өтті Е. Сейтахмет. Жақында ғана Павлодар облысы әкімінің журналистермен кездесуінде Болат Бақауов кіру бағасы 25 000 теңге тұратын бұл шарадан түскен қаржы зағип және көру қабілеті нашар адамдарға көмекке берілетінін айтқан болатын.