Жаңалықтар

2020 жылы ақылы жолдардағы төлем тарифтері өзгере ме?

ашық дереккөзі

2020 жылы ақылы жолдардағы төлем тарифтері өзгере ме?

Бағаларды айқындау кезінде қозғалыс ағынының қарқындылығы, автомобиль жолының санаты, оның техникалық сипаттамалары мен жолды күтіп ұстаудың нормативті қажеттіліктері ескеріле отырып, ақылы жолдардың әр учаскесі үшін есептеулер жүзеге асырылды, деп хабарлады miid.gov.kz. Бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын жолдардың 4 ақылы учаскесі бар. Бұл: Нұр-Сұлтан – Шучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қорғас және Алматы – Қапшағай жолдары. Жиналатын қаражат осы учаскелерді және төлем алу жүйесін күтіп ұстау шараларына жұмсалады. Жеңіл автомобильдердің жүргізушілері І санаттағы жолдың 1 шақырымы үшін орташа есеппен 1 теңге төлейді. 3 классқа жататын көлік құралдарының жүргізушілерінен І санаттағы жолдармен жүріп өткені үшін алынатын төлем тарифінің мөлшері 1 шақырым үшін 5 теңгені құраса, жүк көліктердің жүргізушілері 1 шақырым үшін 10 теңге төлейді. Еске салайық, алдағы екі жылдың ішінде Қазақстандағы автомобиль жолдарының 6 мың шақырымы ақылы болмақ. Тұтастай алғанда, 2024 жылға қарай елдің бар аумағында республикалық маңызы бар жолдар желісінің 11 мың шақырымы ақылы болады деп жоспарлануда.