Жаңалықтар

Әлемдік саясат сахнасы: 12 айда не өзгерді?

ашық дереккөзі

Әлемдік саясат сахнасы: 12 айда не өзгерді?

Достық пен татулық. Араздық пен келіспеуші­лік. Наразылық пен қар­сылық. Биыл әлемдік саясат сахнасында мұның бәрі де болды. Әлемдік алып державалардың кейбірі арақатынастарын реттеп, ортақ тіл табысуға тырысса, енді біреулері керісінше, алауыздыққа жол берді. Сонымен, 2019 жылы әлемде қандай оқи­ғалар болды? Биыл жаһан назарын аударған маңыз­ды жайттардың бір­қата­рын назарла­рыңыз­ға ұсы­на­мыз.

Трампқа жарияланған импичмент

2019 жыл АҚШ президенті Дона­льд Трамп үшін оңай болмаған сыңай­лы. Жыл аяқталуға жақын­да­ғанда Трампқа импичмент жарияланды. Сөйтіп, Трамп АҚШ тари­хын­дағы Конгресс өкілдерінің палатасы импичмент жариялаған үшінші президент атанды. Конгресте Трампқа т­а­ғылған айыптар бойынша дауыс беру шарасы өтті. Дауыс беру қорытындысына сай, билікті асыра пайдаланғаны үшін тағылған айып бойынша 230 конгрес­мен импичментті қолдады. Ал конгресс жұмысына кедергі болға­ны үшін тағылған айып бойынша импичментті қолдаушылар саны – 229. Айта кетейік, импичмент жариялау үшін екі айыптаудың бірі бойынша 216 дауыс жиналса жеткілікті. Негізі, төменгі палата конгресмендері бұған дейін де басқа президенттерді биліктен шеттетпек болған. Алайда ол ешбір нәтиже бер­ген жоқ. Айта кететін тағы бір жайт, өкілдер палатасымен импичмент жарияланған басшылардың ешбірі кейіннен өткен президенттік сайлауда жеңіске жете алмаған. Владимир Зеленскийдің президент атануы сенсациялық жаңалық бол­ға­ны жасырын емес. Себебі бұрын саясат сахнасында емес, өнер сахнасында көш­басшы болып жүрген азаматтың ел басқара алатынына саясаткерлер сене қойған жоқ. Дегенмен сарапшылар Зеленскийдің жеңісін «Украина­дағы халық билігіне жасалған алғашқы қадам» деп бағалады. Владимир Зеленский «Слуга наро­да» деп аталатын украин телехикая­сында басты рөлді сомдаған болатын. Сол туын­дыдағы кейіпкері мектептегі тарих пәнінің мұға­лімі – Голобородько. Телехикая желісі бойынша мұғалім соңын­да Украина президенті болып сай­ла­нады. Ал биыл Зеленс­кий­дің өмірі дәл телехикая желісіндегідей өрбіді.

Ресей мен Украина: тұтқындарды алмастыру

Ресей президенті Владимир Путин­ мен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің алғашқы әңгі­ме­сі тұт­қындарды алмастыру мәсе­лесі болды. Бұл мәселені екі ел бас­шысы 12 маусым күні телефон арқылы тал­қылады. Екі айдан кейін, яғни, 7 қыр­күйек күні «35-те 35» формуласы бойынша алмасу процесі өтті. Мәскеу Киевке Керченск бұғазындағы шекараны бұзғаны үшін тұтқындалған әскери кеме теңіз­шілері мен режиссер Олег Сенцовты қайтарды. Ал Украинадан Ресейге журналист Кирилл Вышинский мен ДХР әуе шабуылына қарсы қорғану бригадасының бұ­рынғы командирі Владимир Цемах ұшып келді. Бұл екі ел ара­сындағы арақа­тынасты реттеуге жа­салған алғашқы қа­дамдардың бірі болды десек артық айтқандық емес. Әлемдік БАҚ Мәскеу мен Киев ара­сындағы бұл «достықтың» кез келген күні аяқталуы мүмкін екенін жазуда. Расында да, егер Владимир Путин мен Владимир Зеленский арадағы сенімді жоғалтса, екі ел арасындағы ахуал қайтадан бәз баяғы қалпына түсуі ықтимал. Ал егер бұл бастама ары қарай сәтті жалғасатын болса, Украина «Штайнмайер» формуласын қабыл­дап, Донбасстағы өз әскерін әкетуі тиіс. Киев бұл маңызды қадамды жасаса, Зеленскийдің сайлауалды берген уәде­лерінің бірі орындалды деп бағалауға әбден болады. Естеріңізге сала кетейік, Владимир Зеленский президент тағына отырмас бұрын соғысты тоқтатуға уәде берген еді.

Толқуларға толы жыл

Доңыз жылы әлем елдеріндегі түрлі наразылық шараларымен есте қалары анық. Әрине, мұндай қарсылық акциялары әлем үшін жаңалық емес. Дүниежүзінде қолдарына плакат ұстап, көшеге шығып наразылық білдіретін азаматтар жетерлік. Хош, биылғы ең ірі көтерілістер Венесуэла мен Гонконгте өтті. Венесуэла тұрғын­дары мемлекет президенті Николас Мадуроға қарсы көтерілісті бастады. Көшеге ұран­датып шыққан венесуэлалықтар Ма­дуроның орнынан кетуін талап етіп, өзін-өзі президентпін деп жариялап алған оппозиция лидері Хуан Гуайдоны қолдады. 23 қаңтарда Хуан Гуайдо өзін Венесуэланың уақытша президенті ретінде жариялап, ант берген еді. Ол сайлаудың еркін өтуі үшін қарулы күштердің көмегімен мемлекет басшысының міндеттерін атқаратынын мәлімдеді. Оның өкілеттілігін АҚШ президенті Дональд Трамп, сонымен қатар Аргентина, Канада, Перу, Колумбия және басқа да мемлекеттердің билі­гі мойындады. Ал Ресей мұны жасаудан бас тартты. Ең өкініштісі, көтеріліс салдарынан қаза тапқан­дар саны тым көп. Гретаның БҰҰ отырысындағы сө­зі интернет кеңістігінде кеңінен тал­қы­ланды. Біреулер қаршадай қыздың батылдығына қайран қалып, оған қолдау білдірсе, келесі бір топ Тунбергтің шы­найы­лығына сенген жоқ. Қалай десек те, бұл күні Грета Тунберг есімі ақпарат құрал­дары беттерінен түспей тұр. Тіпті, Time журналы швециялық экобелсендіні 2019 жылдың «Жыл адамы» деп таныды. Сөйтіп Грета Тунберг соң­ғы 100 жылда «Жыл ада­мы» атан­ған ең жас тұлға ретінде тарихта қал­ды.

АҚШ пен Қытай текетіресі: сауда соғысы тоқтамақ

Трамп тағы уәде берді. Жыл аяқ­талу­ға жақындағанда АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Қытай­мен арақа­тынасты жақсар­та­­тынын мәлімдеді. 2019 жылғы әлемдік экономиканың дамуын тежеген бірден-бір оқиға – АҚШ пен Қы­тай арасындағы сауда соғы­сы еді. Екі алып мемлекет басшылары сауда келісіміне қол қоюға келіс­ті. Ақ үй басшысының мұндай мәлім­демесі әлем елдерін қуантқа­нымен, сарапшылар «сақтықта қорлық жоқ» еке­нін ескертуде. Егер екі ел арасында келісімге қол қойылса, 2020 жылы әлемдік экономика биылғыға қарағанда оң нәтижеге қол жеткізері анық. Бірақ мұндай келісімдер Вашингтон мен Бейжің арасында талай рет жасалып, соңғы сәтке келгенде іске алғы­с­ыз боп қалған. Нақтырақ айт­сақ, өткен жылдың соңында екі тарап келісімге келіп, тыныштық орнай бастағандай болып еді. Тіпті, Қытай тарапы дау-дамайдың оң шешімін табатынына үмітті екенін де мәлімдеген. Алайда ахуал қайта­дан бұрынғы қалпына түсті. Сон­дық­­тан Трамптың уәдесіне қанша­лықты сенім артуға болатын­дығы жаһан жұртшылығын әлі де алаңда­тып отыр.