Маңғыстауда антикор орталығының алғашқы жиыны өтті

Маңғыстауда антикор орталығының алғашқы жиыны өтті

Маңғыстауда антикор орталығының алғашқы жиыны өтті
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысындағы антикор орталығының алғашқы жиыны «Маңғыстау Медиа» журналистері мен қызметкерлері арасында өтті. Орталықтың қызметімен әріптестерін штаб жетекшісі Айсұлу Дутбаева таныстырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың шешімімен Маңғыстау облысы бойынша штаб жетекшісі Айсұлу Дутбаева болып бекітілген. «Бұл орталық – қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша құқықтық көмек алу, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және жою мақсатында халықтың бас қосатын орталығы. Алғашқы жиынның да сіздерге арналуының өзіндік мәні бар. Журналистер халық пен билікті байланыстыратын бірден-бір көпір. Сондықтан мемлекеттік пен қоғамды жақындастыру, мемлекеттік мекемелердің азаматтар алдындағы жауапкершілігі мен қолжетімділігін одан әрі арттыра түсуде сіздердің рөлдеріңіз ерекше», деді Айсұлу Дутбаева. Жиын соңында журналистер орталықтың жұмысына қатысты сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, штаб жетекшісі А.Дутбаева «Парасаттылық», «Әділдік», «Ашықтық» принципіне сай қызмет көрсететін орталықтың жұмысын жақсарту үшін әріптестерін жұмыла жұмыс атқаруға шақырды. Айта кетейік, орталық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жұмысын бастаған. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің сервистік «Antikor ortalygy» және әкімшілік ғимараты ашылған. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент еліміздегі құқық қорғау қызметтерінің ішіндегі ең алғашқысы болып толығымен «Open space» форматына көшкен орган. Жұмыстың жаңа форматының таныстырылымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов сондай-ақ, штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада қатысқан.