Жаңалықтар

"Түркістан" газетінің қызметкерлері "Ақпарат саласының үздігі" атанды

ашық дереккөзі

"Түркістан" газетінің қызметкерлері "Ақпарат саласының үздігі" атанды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әріптестеріміз, белгілі журналистер Таңсұлу Мирманова мен Бейбіт Тоқтарбай БАҚ саласына сіңірген еңбегі үшін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Таңсұлу Мирманова 40 жыл еңбек өтілінің 23 жылында «Түркістан» газетінде қызмет атқарып, қазақ журналистикасының дамуына сүбелі үлес қосты. Әйел жанының терең тұңғиығына бойлап, қазақтың аяулы аналары мен біртуар қыздарының, сыйлы келіндерінің келбетін ашуға тырысқан журналист өз кейіпкерлерінің тағдырын  «Әйел – әлем»,  «Әйелмен әлем әдемі» кітаптарына арқау еткен.