Заңсыз ұсталған 725 адам босатылған

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов биылғы жылы қылмыс саны – 17%, кісі өлтіру – 11%, бұзақылық – 28%, есірткі қылмысы 12 пайызға қысқарғанын айтты.

«Прокурорлардың көмегімен 30 мың қызметкердің 2 млрд теңге көлеміндегі жалақысы өтелген. 37 мың пайдаланылмайтын жер телімдері кері қайтарылды. Биылғы жылы прокурорлар 219 адамды негізсіз қудалауды тоқтатты. Қызметтік үй-жайлардан және изоляторлардан заңсыз ұсталған 725 адам босатылған.  Прокурорлардың араласуымен соттар 1172 азаматқа қатысты үкімді қайта қарады. Соның арқасында 36 адам ақталған», – деді Ғизат Нұрдәулетов.

Ведомство басшысы жиын соңында келер жылға арналған басым міндеттерді айқындап, негізгі бағыттарды белгіледі.

Back to top button