Мүгедек азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын сақтау тәртібі күшейтіледі – Бердібек Сапарбаев

Мүгедек азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын сақтау тәртібі күшейтіледі – Бердібек Сапарбаев

Мүгедек азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын сақтау тәртібі күшейтіледі – Бердібек Сапарбаев
ашық дереккөзі
2020 жылы Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Алматы қалаларында оңалту орталықтары салынбақ. Бұдан былай, Жұмыс берушілердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарын сақтауы қатаң бақыланады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.  «Мемлекет пен жеке меншік әріптестігі аясында, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен оңалту орталықтарының желісін дамыту мәселесі пысықталып жатыр. Пилоттық режимде мүгедек азаматтарға оңалту құралдары мен қызметтерін дербес таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істейді. 5 жылға мүгедектік белгіленетін аурулардың тізімі бекітілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетудің жол картасы жасалып жатыр. Жұмыс берушілердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарын сақтауына мониторинг күшейтіледі», – деді Бердібек Сапарбаев.