Мектеп сыртында ор­наласқан дәретханаларды жою міндеті тұр – министр

Мектеп сыртында ор­наласқан дәретханаларды жою міндеті тұр – министр

Мектеп сыртында ор­наласқан дәретханаларды жою міндеті тұр – министр
ашық дереккөзі
Жоқ мектепті айтпағанда, бар мектептің мәселесі бас ауыртып тұр. Әсіресе, білім ошақтарындағы дәрет­хана жайы жайсыз оқиғалардың орын алуы­на әкеп соқтырды. Жақында ғана Жамбыл облы­сында болған атышулы оқиғадан кейін еліміздегі барлық мек­тептің мәселесі қаузала бастады. Нәтижесінде, 40 пайызға жуық білім ошағының дә­ретханалары ғимарат сыртында орналасқаны белгілі болып отыр. Елімізде 7 014 мектеп бар. Оның 2 514-інің дәретханасы ғимарат сыртында орналасқан. Мұндай мектептер қалада – 157 болса, ауылдық жерлерде – 2 357. Аймақтар бойынша Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жам­был облысындағы мектеп­тердің дәретханасы сыртта ор­наласқан. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтің ай­туын­ша, дәретханасы сыртта ор­на­ласқан мектептердің мәселесі шешімін табады.

«Мектептердің сыртында ор­наласқан дәретханалардың бәрін жою міндеті тұр. Қаражат жер­гілікті бюджеттен бөлінеді. Бей­небақылау камералары бо­йынша да – жалпы қауіп­сіздікті қам­тамасыз ету тұрғысынан тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет тапсырма берді. Бұл жұмысты аяқтаймыз», – деді министр.

Дәретхананы мектептің ішін­е көшіру үшін жаңадан жо­балық-сметалық жоспар жасау керек. Министрдің айтуынша, әр мектепке кететін қаржы кө­лемі әр аймақта әртүрлі. Қазіргі уақытта кететін шығындар есеп­теліп жатыр.

– Қаражат көлемі әр аймақта әртүрлі. Себебі смета бағасын әзірлеу керек. Жұмыс топтары қазір тиісті жұмысты қолға алып, бұл бағытта қанша қаражаттың керегін есептеп жатыр. Кейбір мектепке қосымша су скважи­насы, енді біреуіне кәріз құбы­рын тарту қажет. Бұл – кешенді мәселе. Қанша мектепке қажетті жұмыс жасалатыны белгілі. 2 300 мектепке жөндеу жүргізу керек. Қазір іске кірісіп кеттік, – деді министр.

Мектептегі дәретхананы жөн­деу, ғимарат сыртында ор­наласқанын ішке көшіру мәсе­лесі жуырда Таразда 12 жастағы оқушы қызды 38 жастағы күдік­тінің зорлауына мектептің сырт­тағы дәретханасы себеп болды. Мәселені шешу қолға алынды. Осы оқиғадан соң Жамбыл облысының әкімі Асқар Мыр­захметов мектеп ауласындағы дәретханалар проблемасын көтерді. Оның айтуынша, Жам­был облысындағы 442 мектептің 260-сында дәретхана далада орналасқан.

Аймақ басшысы мектептер­дегі дәретханаға қатысты мә­селені шешу оқиға болмай тұрып басталғанын да айтқан. «Мектеп­тердің сыртында орналасқан дәретханалар мәселесін қарас­тыра келе, 108 мектепке дәрет­хананы ішке орналастыруға бо­латындығы анықталды. Дәрет­хананы мектеп ішіне кіргізуде кәріз, су жеткізу мәселесімен қатар коммуникация мәселесі бар. Жоспар бойынша келесі жылдан бастап мектеп дәрет­ханаларын ішке орналастыру мүмкіндігін қарастырамыз», — деді Асқар Мырзахметов.

Тараздағы оқиғадан кейін Nur Otan партиясы білім сала­сына жауаптыларды жазалауды талап етті. Білім саласына жа­уаптылар қызметімен қош ай­тысқанымен, онымен мәселе шешімін таба қойған жоқ. Өйткені мектеп ауласындағы дәретханаларды жою мәселесі бұл оқиға орын алмай тұрып-ақ көтерілген. Бірақ одан нәтиже шықпай келген. Nur Otan партиясының бала­лар­ды қорғау кеңесі төрағасы­ның орынбасары Динара За­киева: «Біздің көзімізше бірнеше мектептің ауласындағы дәрет­ханаларды бұзып, қалған білім ошақтарында да жұмыс жалға­сын табады деп есеп берген еді. Бірақ бұл тек көзбояушылық болып шықты. Біз орындау­шы­ларды емес, білім басқармасының басшылығын жауапқа тарту мә­селесін көтереміз», – деді.

Алматы қаласындағы 4 мек­тепте ғана сыртта орналасқан болса, Нұр-Сұлтанда бұл мәселе толық шешімін тапқан. Яғни, бірде-бір мектепте дәретхана мәселесі жоқ. Партия мектеп сыр­тындағы дәретханаларды толық жою мәселесін биыл мау­сым айында көтерген. Сол уа­қытта Nur Otan партиясы облыс­тық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп, «Жол картасын» қа­был­даған еді. Ал Динара Закие­ваның «Жол картасына біз биыл маусым айында қол қойдық. Біз ауладағы дәретханаларды жою және ішке орналастыруды бө­лек пунктпен нақты көрсеттік. 2021 жылға дейін ел бойынша барлық әкімдіктер мұны жасауы тиіс» деген ұсынысын іске асыру үшін құжат, жоба жасаумен уақыт өтіп жатыр.

Тексеруші органдар мұны алдын ала ескерткенмен, жұмыс істелмеген соң, соңы осын­дай оқиғаға келіп тірелді. Одан кейін ойбайла не, байбалам са­лып басыңды тасқа ұр не, бәрібір. Қолды кеш сермегеннен артық абыройсыздық жоқ екені тағы белгілі. Ал біз маусымдағы ұсы­нысты ұқпай, мәселені ушық­тыр­ған қотыр қоғамда отыр­мыз... Әйтпесе, балаларды дала­ға қу­май, іште тұрған дәрет­ханаға рұқ­сат етуге қандай ло­гика керек? aikyn.kz