70 мың теңге үшін әйелін пышақтаған (видео)

70 мың теңге үшін әйелін пышақтаған (видео)

70 мың теңге үшін әйелін пышақтаған (видео)
ашық дереккөзі
Шымкентте ерлі-зайыптылардың ерегесі пышақтасумен аяқталды. Қанды оқиғаға 70 мың теңге себеп болған. Еуразия арнасының хабарында, оқиға «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты пәтердің бірінде болғаны айтылды. Туыстарының айтуынша, 4 жылдан бері шаңырақ астында тұрып келе жатқан күйеуі мен әйелі жоқшылықтан жиі жанжалдасады екен. Ал бұл жолы екеуі де қанға боялып, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Қанды оқиға 23 желтоқсанда түс ауа болған. «Нұрсәт» ықшамауданындағы көпқабатты пәтердің біріне қоныстанғанына жарты жылдан асқан ерлі-зайыпты ерегесіп қалады. Көршілерінің айтуынша, отағасы қатты ашуға булығып, әйеліне пышақ ала жүгірген. Ол терезені ұрып, көптен көмек те сұрапты. Ал сол арада әйелін жарақаттап үлгерген күйеуі өзіне де қол салмақ болғанға ұқсайды. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Дерекөздің хабарлауынша, жыл басынан бері Шымкентте зәбір көрген әйелдердің саны 2695-ке жеткен.