Денсаулық сақтау министрлігі түтінсіз темекіге тыйым салды

Денсаулық сақтау министрлігі түтінсіз темекіге тыйым салды

Денсаулық сақтау министрлігі түтінсіз темекіге тыйым салды
ашық дереккөзі
Күні кеше мамандар «Қазақстанда шайнайтын темекі саудасын қадағалап жатқан ешкім жоқ» деп дүрліккен еді. Осыған орай, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстанда снюсқа уақытша тыйым салынатынын хабарлады. «Құрамында 20 мг-нан 250 мг-ға дейін никотин (салыстыру үшін бір сигаретте 1,5 мг никотин бар) бар, тұтыну кезінде нейротоксикалық ауытқу тудыратын, сананың бұзылуына, одан әрі дене және мінез-құлық тәуелдігіне алып келетін шегуге арналмаған темекі және темекісіз деп аталатын «снюстердің» кеңінен танылуына байланысты; никотиннің өлімге әкелетін орташа дозасы бір килограмм салмаққа 0,5-1 мг-ді құрайтынын және балалар мен жасөспірімдердің салмағы аз кезінде мұндай дозаның өлімге алып келуі мүмкін екенін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері «снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерін әкелуге, қолдануға, сатуға және таратуға тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы қаулы шығарғанын (2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 7-ПГВр) хабарлайды» делінген мәлімдеме. Бұдан басқа, өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде комитеттің аумақтық бөлімшелеріне кейіннен никотиннің және басқа да уытты заттардың құрамын айқындай отырып, құрамында никотин және/немесе оның туындылары бар темекі және шайнайтын және соратын қоспаларды (снюстерді) республика бойынша барлық сауда объектілерінен сатып алуға тапсырма берілді. «Сондай-ақ: жергілікті атқарушы органдармен, білім беру, денсаулық сақтау басқармаларымен, жастар денсаулық орталықтарымен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдердің организміне құрамында никотин бар қоспалар мен психикалық-белсенді заттардың әсері туралы түсіндіру бойынша кең ауқымды акциялар өткізуге; бақылаудағы тәрбиелеу және білім беру объектілерін тексеру барысында түсіндіру жұмысын жүргізуге және бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдауға; ішкі істер органдарымен бірлесіп, барлық объектілерде (білім беру ұйымдары, сауда объектілері, сауда-ойын-сауық объектілері және т. б.) аталған өнімді мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға сатуға тыйым салу туралы шаруашылық жүргізу субъектілерінің назарына жеткізуге тапсырма берілді» делінген хабарламада. Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жедел шаралар қабылдау үшін комитетке немесе оның аумақтық департаменттеріне жазбаша түрде өтініш беру керек (әр өңірдің ТКҚСҚБД-нің байланыс деректері kkkbtu.dsm.gov.kz сайтының аумақтық департаменттер бөлігінде көрсетілген).