Биыл елімізде 400 мың жұмыс орны ашылған

Биыл елімізде 400 мың жұмыс орны ашылған

Биыл елімізде 400 мың жұмыс орны ашылған
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев астаналықтармен кездесуінде биыл республика бойынша 400 мың жаңа жұмыс орны ашылғанын айтты, оның ішінде 22 мың елордалық азаматтың екі қолына бір күрек табылған.  Ведомства өкілінің мәліметінше, биыл ел экономикасының даму қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға өскен. Нәтижесінде халықтың табысы 5,7 пайызға артып отыр. Биылғы 11 айдың ішінде ел экономикасын дамытуға 10 трлн 8 млрд теңге тартылған. Айта кетейік, биылғы жылдың 11 айында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі – 4,8 пайызды, ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 4,5 пайызды құрады. "Әлеуметтік мәселелерді шешуге жыл санап ерекше мән берілуде. Былтыр бұл салаға мемлекет бюджетінің 43 пайызы бағытталса, биыл 45 пайызға артқан болатын. Келесі жылы бұл көрсеткіш 50 пайызға көбейеді", – деді Бердібек Сапарбаев.