Джеки Чан теңіздегі түсірілім кезінде опат бола жаздады

Джеки Чан теңіздегі түсірілім кезінде опат бола жаздады

Джеки Чан теңіздегі түсірілім кезінде опат бола жаздады
ашық дереккөзі

Аты әлемге әйгілі актер, режиссер Джеки Чан кезекті фильмнің түсірілімінде атыс-шабыс қойылымын ойнау барысында мерт бола жаздады.  

65 жастағы актер тастың астында қалып қойған, деп хабарлады The Straight Times. Актердің айтуынша, оқиға "Авангард" триллерінің түсірілімі кезінде болған. Теңіздегі "атыс" барысында 65 жастағы актер тас астында қалып қойып, батып кете жаздаған. Қуанышқа орай түсірілім командасы оны құтқарып үлгерген. Бұл оқиға фильм режиссері Стэнли Тунды қатты қорқытты. Джеки Чан оны сабасына түсіріп, түсірілімді жалғастыруды сұраған. "Мен өміріме қаншалықты қауіп төнгенін кейін ұқтым. Мен, шынымен, қайтыс болып кетуім мүмкін еді", - дейді актер.Өз карьерасы барысында 65 жастағы Джеки Чан көп жарақат алған, себебі ол барлық трюкты өзі орындайды. Айта кетейік, "Авангард" фильмі 2020 жылдың қаңтар айының соңында шығады. Сюжет бойынша "Арктика қасқырлары" атты жалдамалы қылмыскерлер Ұлыбританияда Қытай кәсіпкерінің қызын ұрлап кетеді. Тұтқынға түскен адамдарды құтқарудың жалғыз жолы – ​ ғылым мен техниканың ең озық үлгісін пайдаланатын халықаралық қауіпсіздік қызметі.