Еліміздің бас шыршасы ТМД-дағы ең биік шыршалар рейтингінде тоғызыншы орында

Еліміздің бас шыршасы ТМД-дағы ең биік шыршалар рейтингінде тоғызыншы орында

Еліміздің бас шыршасы ТМД-дағы ең биік шыршалар рейтингінде тоғызыншы орында
ашық дереккөзі
ТурСтат сараптамалық агенттігі ұсынған рейтингте елорданың бас шыршасы ТМД елдері бойынша ең биік шыршалардың ондығына енді.  Рейтинг ТМД елдері астанасындағы жаңа жылдық бас шыршалардың биіктігін зерттеу нәтижелері бойынша жасалған. ТМД елдеріндегі ең биік жаңа жылдық шыршалардың алғашқы ондығына Ашхабад (40 метр), Ереван (37 м), Ташкент (36 м), Баку (34 м), Минск (30 м), Душанбе (29 м), Мәскеу (27 м), Бішкек (27 м), Нұр-Сұлтан (25 м) және Кишинев (20 м) қалаларындағы шыршалар енді. Қазақстанның бас шыршасы Нұр-Сұлтан қаласында ЭКСПО-2017 аумағында орнатылған. Биіктігі 25 метр болатын бас шырша 20 желтоқсан күні салтанатты түрде жағылған болатын. Ал Алматының бас шыршасының биіктігі – 20 метр. Оның шамдары 19 желтоқсан күні «Астана» алаңында жағылды.