Алматының "Қайратынан" құны 8 млн еуроға бағаланған жеті ойыншы кетіп қалды

Алматының "Қайратынан" құны 8 млн еуроға бағаланған жеті ойыншы кетіп қалды

Алматының "Қайратынан" құны 8 млн еуроға бағаланған жеті ойыншы кетіп қалды
ашық дереккөзі

Алматылық "Қайрат" футбол клубынан жалпы құны сегіз миллион еуроға (3 394 558 288 теңге) бағаланған жеті спортшы кетті. 

Клубтан кеткен футболшылар арасында Георгий Жуков, Магомед Парагульгов, Исламбек Қуат, Елдос Ахметов, Мартон Эппель, Сергей Политевич пен Бауыржан Исламхан бар, деп жазады NUR.KZ.

Айта кету керек, жеті футболшының арасында ең қымбатқа бағаланған спортшы Бауыржан Исламхан болған деп хабарлайды Transfermarkt.

Оның нарықтағы бағасы қазіргі уақытта 2,4 миллион еуроға (1 018 523 830 теңге) бағаланған. Ал ең арзан ойыншы Магомед Парагульгов болыпты. Оның бағасы 400 мың еуро немесе 169 753 971 теңге.

Сонымен қатар, командадан осыншама спортшы кеткеннен кейін клуб әлі бірде бір ойыншымен келісім-шарт жасаспаған.

Айта кетсек, өткен жылы "Қайрат" командасы екінші позицияға жайғасты. Көшбасшы атанған "Астана" клубынан қайраттықтар небәрі бір ұпай қалып қойған.