Қызыл жалын Аустралияның тұтас бір қалашығын тып-типыл етті

Қызыл жалын Аустралияның тұтас бір қалашығын тып-типыл етті

Қызыл жалын Аустралияның тұтас бір қалашығын тып-типыл етті
ашық дереккөзі
Аустралияда орман өрті Сидней іргесіндегі Балморал қалашығын түгелдей дерлік тып-типыл етті, деп хабарлайды «Хабар 24». Елді мекен Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орналасқан. Мұнда өткен аптада төтенше жағдай тәртібі жарияланған. Өйткені өңірде 100-ге тарта орман өрті тіркелді. Тілсіз жау ырық берер емес. Себебі аймақта күн ыстық. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар алдағы күндері ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін деп ескертеді. Соңғы мәлімет бойынша, 6 адам көз жұмған. 800-ден астам үй өртеніп кетті. Қызыл жалын шарпыған аумақ 3 миллион гектарға жуықтайды. Табиғи апатқа байланысты Австралия Премьер-министрі Гавайи аралдарындағы демалысын үзіп, елге оралуға мәжбүр болған. Өйткені жергілікті жұрт билік климаттың өзгеруімен күрес жүргізу бойынша ештеңе істеп жатқан жоқ деп наразылық білдіруде.