Еліміз Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесіне қанша қаржы жұмсайды?

Еліміз Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесіне қанша қаржы жұмсайды?

Еліміз Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесіне қанша қаржы жұмсайды?
ашық дереккөзі
Казақстан 2020 жылы Дубайда өтетін EXPO көрмесіне қанша ақша жұмсайтынын Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Біздің павильонды дайындау жұмыстары жүргізілді, былтырлары бюджеттен шамамен 9 миллиард теңге бөлінген. Бұл павильон бөлшектеліп, Қазақстанға осы қаражаттың есебінен әкелінеді, кейін ол өңірлерде немесе астанада әрі қарай өз рөлін атқара береді", - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Бұған дейін Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесінде Қазақстан павильонына ең үлкен орындардың бірі бөлінгені белгілі болған. Оның ауданы 3 420 шаршы метр. EXPO-2020 - Дубайда (БАӘ) өтетін халықаралық көрме. Оның өтетін орны 2013 жылғы 27 қарашада Парижде болған Халықаралық көрмелер бюросының бас ассамблеясында анықталған. Көрме 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін өтеді.