Ғалымдар денсаулыққа зиян келтірмес үшін дұрыс ұйықтау тәсілін айтты

Ғалымдар денсаулыққа зиян келтірмес үшін дұрыс ұйықтау тәсілін айтты

Ғалымдар денсаулыққа зиян келтірмес үшін дұрыс ұйықтау тәсілін айтты
ашық дереккөзі
Ұйқыдан тұрғанда арқаңыз ауырып, денеңіз қарысып қала бере ме? Көзіңіз де ісуін қояр емес. Ендеше, сізге өзіңіздің әдепкі жатысыңыздан басқаша жатыспен ұйықтап көрген жөн. Себебі, дұрыс жатпасаңыз, ол жайт сыртқы келбетіңізге әсер беріп қана қоймай, денсаулығыңызға да әсер етіп, сізді жайсыз сезіндіреді.  Қытай медицинасында адамның бір қырынан жатып ұйықтағанының пайдасы зор екендігі айтылады. Сол жақ қырымен жату ас қорыту үрдісін жақсарта түссе, оң жақ қырымен жату жүйке жүйесін босаңсытады. Кейде «Етбетіңнен жатпа, бетіңді жоғары қаратып ұйықтама» дегендерді де естіп жатамыз. Бірақ, бүгінде мамандар бұл пікірмен келіспейді, деп жазады balbal.kz. Мамандардың айтуы бойынша, шалқасынан жатудың пайдасы айтарлықтай. Мұндай жатыс кезінде мойын мен бел еркінсіп, аяқ пен қол демалып қалады. Әрі ол жүрек тамырларын, тыныс алу жүйесін, ас қорытуды дұрыстайды екен. Ал қан қысымы жоғары адамдарға жастықты биік қойып, шалқасынан жатып ұйықтаудың көмегі зор. Сонымен қатар, шалқасынан жату жас көрінуде де үлкен рөлге ие. Олай дегеніміз, шалқадан жатып ұйықтаған адамның беттегі бұлшық еттері босаңсып, терісі жазылады. Ал етбетінен жатсаңыз, бетке тез әжім түсуі мүмкін. Десе де, етбетінен жатқанда омыртқа аралығындағы шеміршек босаңсиды. Бұлай жату тек қарын аш кезде ғана пайдалы. Тойып тамақ жеп болған соң етбетінен ұйықтау гастритке ұшыратады. Қырынан жатқан адам қорылдамайды екен. Сол жақ қырымен ұйықтау өкпесі ауыратындар үшін пайдалы. Асқазаны ауыратындар да сол жақпен ұйықтағаны дұрыс. Себебі, осылайша қызыл өңешке ағып кіретін қышқыл сөлін азайтуға болады. Ал соқыр ішек қабыну ауруы барлар оң қырымен жатуы керек. Сондай-ақ, оң жақ қырмен жатқанда жүрекке түсетін қысым азаяды. Одан бөлек, осылай жатқан кезде ағза мүшелерінің бәрі босаңсиды.