Жылдық табысы 85 мың доллар: Антарктидада 2020-2021 жылдарға арналған жұмыс орындары ашылды

Жылдық табысы 85 мың доллар: Антарктидада 2020-2021 жылдарға арналған жұмыс орындары ашылды

Жылдық табысы 85 мың доллар: Антарктидада 2020-2021 жылдарға арналған жұмыс орындары ашылды
ашық дереккөзі

Антарктидадағы ғылыми база 2020-2021 жылдарға арналған  жұмыс орындары ашылғанын хабарлады. 

The Sun басылымының хабарлауынша, үміткерлердің жылдық жалақысы 85 мың долларды құрайды. Ұйым жатар орны мен тамақтану үшін барлық шығындарды өз мойнына алады. Қызметкерге жалақыдан басқа арнайы жәрдемақы төленеді. Мысалы, дәрігердің жалақысы 199000 долларды құрайды, оған қосымша жәрдемақы - 60 974 доллар. АТ қызметкеріне жылдық жалақысы 50 000 АҚШ доллары және жыл сайынғы жәрдемақы 41000 АҚШ доллары көлемінде төленеді. Шамамен бірдей жалақы сантехниктерге, электриктерге және ағаш ұсталарына ұсынылады. Ғылыми база сонымен қатар аспазшыларды, логист мамандарды, IT мамандары, дәнекерлеушілер, механиктер, бетоншылар және басқаларды іздейді. Ғалымдар «оқшауланған қоғамдастықта» тұрып, жұмыс істейтін адамдарды іздейді. Басылым жазда Антарктида станциясында 100 адамға дейін, ал қыста - шамамен 20 адамға дейін жұмыс істей алатындығын атап өтті. Кандидат таңдаудың екі кезеңінен өтуі керек екені белгілі. Адамның шағын Антарктикалық қоғамдастықта ұзақ уақыт бола алуға бейімдігі тексеріледі. Мұны комиссия ұзақ уақытқа созылған сұхбат кезінде  анықтайды. Өтініштер 2020 жылдың 23 қаңтарына дейін қабылданады.