Түркия сириялық босқындарды қабылдаудан бас тартпақ

Түркия сириялық босқындарды қабылдаудан бас тартпақ

Түркия сириялық босқындарды қабылдаудан бас тартпақ
ашық дереккөзі
Түркия Сириядан келіп жатқан босқындардың жаңа ағынын қабылдамайды. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Оның айтуынша, егер Сирияның солтүстік-батысындағы зорлық-зомбылық басылмаса, мигранттар ағыны Еуропа елдеріне өтеді. Айта кетейік, соңғы уақытта Идлибке талас күшейіп өңірде әуе соққысы мен шабуылдар көбейген. Салдарынан қауіпсіз жер іздеген тұрғындар Түркияға қоныс аударуда. Бүгінде 80 мың адам Идлибтен Түркияға көшуді жоспарлап отыр екен. Түркиялық делегация Идлибтегі жағдайды талқылау үшін Мәскеуге баруды көздеп отыр. "Идлибтегі қақтығыстан қашып, Түркияға жаңа мигранттар ағыны келіп жатыр. Жақын күндері өңірде атыс-шабыс тоқтамаса, босқындар саны еселене түсуі мүмкін. Олай болған жағдайда Түркия бұрынғыдай шекараны шегендеп, мигранттарды асырап отыра алмайды. Олардың діттеген жеріне жетуіне кедергі жасамаймыз. Ең бірінші Еуропа елдері зардап шегеді. Грецияға да босқындар ағыны барады. Ғаламдық мәселемен өзіміз ғана алысып шаршадық", - деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.