Семей көшелерін кезіп жүрген сілеусін тұрғындарды шошытты (видео)

Семей көшелерін кезіп жүрген сілеусін тұрғындарды шошытты (видео)

Семей көшелерін кезіп жүрген сілеусін тұрғындарды шошытты (видео)
ашық дереккөзі
Семей қаласының көшелерін кезіп жүрген сілеусін видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жуықта әлеуметтік желілерге қалаға қарасты аудандардың бірін кезіп жүрген сілеусіннің видеосы тарап кеткен еді. Зоолог Виктор Хромов бұл ақпаратты растап, түз тағысының қалаға кіріп кеткенін көргенін, осыған қатысты бірнеше адамның хабарласқанын айтып берді. «Видеоны көрдім. Дене тұрқына қарап, аңның жас екенін аңғаруға болады. Бұл кәдімгі сілеусін. Аймағымызда кеңінен кездеседі. Орман мысығының бұл түрі қарағайлы орманда мекен етеді», - дейді Виктор Хроморов. Зоолог сілеусіннің біреудің қолында асырауда болғанын болжап отыр. Оның айтуынша, түз тағысын біреулер орманнан ұстап алып, асыраған. Кейін ол қашып кеткен. «Жас сілеусін шошып қалған. Тезірек бір жерде бой тасалағысы келгені байқалады», - дейді зоолог.