ІІМ қазақстандықтардан алыс жолға шықпауды сұрайды

ҚР Ішкі істер министрлігі ел тұрғындарына алыс сапарға шығуды кейінге қалдырып, жол үстінде аса сақ болуды ескертті. 

«Полицейлер жүргізушілерге көлік тізгінінде аса жіті болуды, қауіпсіз қашықтық пен жылдамдықты сақтап, шұғыл тоқтау кезінде сақ болуды өтінеді. Жаяу жүргіншілердің де абайлағаны абзал, себебі көктайғақ кезінде көліктерге шұғыл тоқтау қиынға түсіп жатады», – деген жазба жарияланды министрліктің Instagram -дағы парақшасында.

Қардың қалың түсуіне байланысты құқық қорғаушылар азаматтардан жоспарланған алыс жолға сапарын шегере тұруды сұрайды. Ал сапарға шығу міндетті болған жағдайда қайда бара жатқанын туған-туыстарына айтып кеткен жөн. «Жылдамдықты, қауіпсіз қашықтық пен бүйір жақтағы аралықты таңдаған кезде ауа райының ахуалын ескерген дұрыс. Қар жауып тұрған кезде жолды көру қиындай түседі», – делінген хабарламада.

 

Back to top button