Жаңалықтар

«Эко-шырша» челленджі: Елордада пластик шөлмектен шырша орнатылды

ашық дереккөзі

«Эко-шырша» челленджі: Елордада пластик шөлмектен шырша орнатылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жаңа жыл мерекесінде табиғи шыршалардан бас тарту жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында халықаралық «жасыл» технологиялар орталығында экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, ХЖТО және ӨКМ Операторы компаниясы басшысының қатысуымен «Эко-шырша» челленджі бастау алды.

​Шара аясында пластикалық бөтелкелерден шырша дайындалды. Жасанды шыршаны жасау кезінде 250-ге тарта пластикалық ыдыс қолданылды. Эко-шыршаның биіктігі 2 метрден асады. Осылайша эко-шырша авторы қоршаған ортаны қорғау мақсатында табиғи шыршадан бас тартып, жасанды шыршаларды пайдалануды дәстүрге айналдыруды көздеп отыр. Айта кету керек, шыршаға тағылған ойыншықтар балалар қолынан жасалған туындылармен безендірілді, деп жазады "Егемен Қазақстан" басылымы. 

​Біз үшін балалардың мектеп қабырғасынан бастап экологияның не екенін және еліміздің табиғаты үшін алаңдайтындығы аса маңызды. Осыдан бастап балалардың өзі-ақ ата-аналарды эко-бастамаларға шақыратын болады. Министрліктің бұл бастамасын ӨКМ Операторы мен мектеп оқушылар қолдап, пластиктен шырша және оған ойыншықтар дайындағаны көңіл қуантады, – деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

​Министрліктің экологиялық игі бастамасынАқтөбе облысындағы қалдық шығаратын «Нео-плюс» компаниясы одан әрі қолдауға дайын екендігін білдірді. Кәсіпорын қазір 3 метрлік пластик шыршаның қаңқасын әзірлеп жатыр. Одан әрі эстафета Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Өскемен және Алматы қалаларындағы мамандандырылған кәсіпорындарға жолданатын болады.

​Сонымен қатар экологиялық тақырыптағы жаңа жылдық безендірулер Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының мектептерінде де жалғасын табады.

​«Эко-шырша» жаңа жылдық челленджін ұйымдастырушылардың басты мақсаты – табиғи шыршаларды шабудан сақтау. Және осы бастамаға қазақстандықтарды шақыру.

​Жаңа жылдық мерекеден кейін жасанды шыршалар шикізат ретінде қайта өңдеуге жіберіледі.