Хабиб алматылық жанкүйерлерімен кездеседі
22 желтоқсан, 2019 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Хабиб алматылық жанкүйерлерімен кездеседі
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыда өтетін GFC 23 турнирінің алдында жанкүйерлермен кездеседі, деп хабарлады Prosports.kz.
Кездесу 24 желтоқсан күні сағат 18:00-де «Алматы Аренада» өтеді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялады.
Айта кетейік, GFC 23 турнирі 25 желтоқсан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Дәурен Ермеков Артур Гусейновпен кездеседі.