Ресейдегі жол апатынан үш қазақстандық жарақаттанды

Ресейдегі жол апатынан үш қазақстандық жарақаттанды

Ресейдегі жол апатынан үш қазақстандық жарақаттанды
ашық дереккөзі
Ресейдің Волгоград облысында жолаушылар автобусы мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысып, салдарынан Қазақстанның үш азаматы зардап шекті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.  «РФ ІІМ Волгоград облыстық басқармасының дерегі бойынша 21 желтоқсан күні Краснодардан Қазақстанға бағыт алған автобус «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысқан», - деді министрліктің ресми өкілі А. Смадияров. Белгілі болғандай, автобуста 56 жолаушы болған, оның төртеуі Қазақстанның, екеуі Тәжікстанның және қалғандары Өзбекстанның азаматы. Автобус Қазақстанда тіркелген, сондай-ақ жолаушылар көлігінің жүргізушісі де ҚР азаматы. ЖКО салдарынан Қазақстан азаматы болып саналатын бір жүргізуші мен екі жолаушы түрлі дене жарақатын алып, Волгоградтың №25 ауруханасына жеткізілді. Таратылған мәліметке қарағанда, азаматтарымыздың жарақаты ауыр емес, ота жасаудың қажеті болмаған. Қазақстанның Астрахандағы консулдығы аурухана әкімшілігі және полициямен байланыста.