Балауса, дүр жігіт, ақбұрым: Адамның жас атауларын айыра білеміз бе?

Қазақ халқы адамның әр жас кезеңіне өз ерекшелігіне қарай атау берген. Әрбір жасқа тән қасиеттерді дәл сипаттайтын атауларды шатастырмаған абзал. 

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте.

1 жастан 10 жасқа дейін – сәби.

1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек.

1 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін.

3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса.

6 жастан 7 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек.

13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім.

16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен.

20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз.

30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек.

40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте.

50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел.

60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже.

70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым.

80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария.

90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал, селкілдек кемпір.

100 жастан жоғары – кейуана, баба.

 

Back to top button