Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жұбайына қатысты қауесеттерге жауап берді

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жұбайына қатысты қауесеттерге жауап берді

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жұбайына қатысты қауесеттерге жауап берді
ашық дереккөзі

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әлихан Қраубаев  жұбайына жаңа қызметіне қатысты тараған қауесеттерге нүкте қойды. Бұл туралы инАктау сайты хабарлады. 

Басылымның жазуынша, желіде Маңғыстау тұрғындарының арасында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әлихан Қраубаевтың жарына қатысты сыбыстар таралуда.

Блогерлердің сөзінше, ол "Қаражанбасмұнай" компаниясына лауазымды жұбайының көмегімен штаттан тыс кеңесші болып жұмысқа тұрған.

19 желтоқсанда өткен брифингете таралған ақпаратқа қатысты шенеуніктің жеке өзі пікір білдірген.

"Соңғы кезде жұбайымның жұмысқа орналасуына мен ықпал етті дегендей ақпараттар тарап жатыр. Бұл "Самұрық-Қазынаның" ішіндегі кадрлардың орын алмастырумен байланысты. Оны менің араласуымсыз-ақ, Қаражанбасмұнай" компаниясына штаттан тыс кеңесші ретінде шақырған. Ол өз саласының маманы. 20 жылдың бері коммуникация саласында жұмыс істеуде. Кейбір журналдарда редактор болып бастаған, жаңалықтар жүргізушісі болған, бірқатар ұлттық компанияда қызмет еткен. 10 жылдан бері "Самұрық-Қазынада" жұмыс істейді. Ол дербес адам, өзі табыс табады. Адамның өзі жақсы білетін саласында еңбек етуі қалыпты жағдай", - дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.