Жаңалықтар

Танымал кәсіпкерлерді табысқа жетелеген 10 қағида

ашық дереккөзі

Танымал кәсіпкерлерді табысқа жетелеген 10 қағида

Танымал кәсіпкерлердің өмір жолына үңілетін болсақ, табандылық пен ерік-жігердің көрінісін байқаған болар едік. Оларды жетістікке жетелейтін күш – өмірлік ұстанымға айналған ережелері. Сонымен, ол қандай ережелер? Кәсіпте табысты болғысы келетіндерге септігі тиетін 10 қағиданы balbal.kz топтады.  1. Ричард Брэнсон (Virgin Group). Қандай жағдай болмасын жеңілмеңіз! Жеңілмеу үшін барыңызды салып, соңғы үмітіңіз үзілгенше күресіңіз. Тек сондай жағдайда ғана жеңіліс тапсаңыз, өкініш өзегіңізді өртемейді. Өйткені сіз қолдан келердің барлығын жасадыңыз. Бойыңызға барлық күшіңізді жинап, жасаған қателіктеріңізді сараптап, қайта тұруға хақыңыз бар. Бір шетінен егер сіз діттеген мақсатыңызға жетпей жатып жеңілетін болсаңыз, "Неге байқап көрмедім?" деген сан ойлармен алысып шығарыңыз анық. Шағын және орта бизнес иелерінің 80%-ы қиындықтарға тап болып, қаржылай қиындықтарға ұшырайды. Мұндай мысалдар өте көп. Қиындықпен бетпе-бет келсе де, одан сабақ алуы керек. Әлемдегі қаншама миллионерлердің өзі банкротқа ұшырағанын жариялап жатады. Алайда уақыт өте келе жаңа күшпен, ерекше серпіліспен бизнес әлеміне қайтадан оралады. Бұл жолы олар бұрынғыдан да мықтырақ болады. 2. Пьер Омильяр (eBay). Бұл сенің қолыңнан келмейді дегендерге сенбеңіз Бір істі бастар болсаңыз, міндетті түрде осы сарынды сыни пікірлерді естуге дайын болыңыз. Ол міндетті түрде айтылады. Мұндай пікірді қолынан іс келмейтіндер немесе бір істі бастаудан жүрексінетіндер айтады. Мен өз жолымда қолыңнан келмейді дегендерге сенген жоқпын. Нәтижесінде толағай табыстарға жеттім. 3. Марк Кубан (Broadcast.com). Еңбекпен ғана жетістікке жете аласыз Бәрінің арманы, жақсылыққа қол жеткізсем деген талпынысы бар. Ал табысқа жету үшін құр бос қиял аздық етеді. Ол үшін еңбектену керек. Еңбек арқылы ғана жетістігіңізді еселей аласыз. Барлық сәтсіздіктерге қарамастан мен жұмыс істеуді жалғастырдым. Өзгелерден көп жұмыс істеймін. Еңбекпен жеткен жетістік табысқа жетелейтініне көзім анық жетті. 4. Джерри Вайнтрауб (WEG). "ЖОҚ" деген сөзді естіп көрген жоқпын Қандай қиын жағдай болмасын, оны өз пайдама шешуді ойлаймын. Сол себепті мен "ЖОҚ" деген сөзді естіп көрген жоқпын. Егер «жоқ» десе, әлі де мүмкіндік бар деп ойлаймын. Ал ол мүмкіндікті мен сенімді түрде айтылған «ИӘ» деген жауапқа айналдырамын. Оған қол жеткізбейінше берілмеймін. 5. Джей-Зи (әнші). Өзімді төмен санаған емеспін Мысалы сіз бай-бағландардың ортасына тап болдыңыз делік,сол сәтте өзіңізді қалай ұстар едіңіз? Иә, бастапқыда қатты қысылатыныңыз анық. Менің орным бұл жерде емес екен ғой деп ойлауыңыз да заңды. Алайда тым жасанды мінез танытпаңыз, қандай ортада болмасын өзіндік меніңізді сақтаңыз. Мен ешқашан ұялған емеспін. Мені біреулер ақымақ деп санайды деп ойламаппын. Мысалы, сіз конференция залына кіріп келдіңіз, алдыңызда костюм киген іскер адамдар отыр. Олардың білімі сізден де жоғары. Әрине, қобалжисыз. Бірақ мені өзгелердің дипломы шошытқан емес. Керісінше мен өзімді олармен тең дәрежеде көрдім. 6. Майкл Дэлл (Dell). Бастысы идеяны жүзеге асырыңыз Менің ойымша ақша табуды ойлаған адамдар өз ісімен айналысатын адамдармен бірдей межеде табысты бола алады. Өйткені мақсаты бір. Адал ақша табудың сан мың жолы бар. Тек ол үшін аздап ақылыңызды іске қосыңыз. Күн сайын ойыңызға келген идеяны дұрыс жүзеге асыра білсеңіз, табыстың кілті уысыңызда болады. 7. Джефф Безос (Amazon.com). Бар күшіңізді жұмсаңыз Мен өзімнің уақытымды, энергиямды, талпынысымды, ақшамды жақсы өнім шығаруға, қызмет көрсетуге пайдаланамын. Ал оның аз мөлшерін маркетингке салдым. Менің ойымша, шығарған өнімің шын мәнінде қажетті және сапалы болса, тұтынушылардың да саны артады. Тек аздап шыдамдылық таныту керек. 8. Илон Маск (Tesla motors). Жоғары деңгейді ғана мойындаңыз Әрдайым сапалы өнім шығаруға тырысамын. Сіздің кәсібіңіз міндетті түрде танымал болуы керек. Сіздің салаңызда дәл сіз сияқты өнім шығаратындар көп болса да, сіз бірінші болуыңыз керек. Ол міндетті. Бәсеке арқылы ғана жоғары деңгейдегі сапалы өнімді шығара аласыз. Бір сәтке болса да өзіңізді сатып алушының орнына қойып көріңіз. Сіз ұсынған өнім шынымен де керек пе? Несімен пайдалы? Неге дәл сізден алу керек? Нақты жауабын білген кезде іске кірісіңіз. Мойындайықшы, кәсіпкерлердің көбі өнімдерін жүз пайыз керемет етіп ұсынбайды. Орта деңгей деген болмау керек, ол өте жоғары деңгейден көрінуі тиіс. 9. Стив Возняк (Apple Computer). Көп жылдар бойы рахаттанып жұмыс істедім Бірден мол табысқа, тасылмайтын сәттілікке кенелемін деп ойламаңыз. Мен көп жылдар бойы рахаттанып жұмыс істедім. Бұл жерде "рахаттанып" деген сөзге ерекше мән беріңіз. Өйткені сізді бақытты ететін жұмыс, өзгелерге де бақыт сыйлайды. Мен қандай бір өнімді жасасам, ол ең алдымен өзіме ұнауы керек. 10. Говард Шульц (Starbucks). Мүмкіндіктер шексіз! Егер 20 жылдан кейін өмір сүру үшін амалсыз жұмысқа баратын, ашуланшақ, тірлікке икемі жоқ адам болғыңыз келмесе, ешкімді тыңдамаңыз. Өзіңіз қалайтын дүниені жасаңыз. Бұл өмірде мүмкін емес ештеңе жоқ. Өйткені мүмкіндіктер шексіз, адамның өмір сүру уақытанан өзгенің барлығы шексіз.