Самара – Шымкент тас жолындағы жантүршігерлік апаттың суреттері жарияланды
Самара – Шымкент тас жолындағы жантүршігерлік апаттың суреттері жарияланды
Ақтөбе облысында 11 көлік соқтығысып, 9 адам зардап шекті. Оның бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Жол апаты 21 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тас жолының 859 шақырымында болды.
Бұдан бөлек, Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуынан 60 автокөлік жолда қалып қойды. Барлық көлік кемпинг аумағына жөнелтілді. Жүргізушілер мен жолаушылар сол жерде жылынып, түнеп шықты.
ІІМ мәліметінше, облыстық полиция мен төтенше жағдайлар департаменттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Министрлік қар мен көктайғақ кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске салды.