10 шақырымды бір қолмен жүзіп өткен ирандық ару рекорд жаңартты

10 шақырымды бір қолмен жүзіп өткен ирандық ару рекорд жаңартты

10 шақырымды бір қолмен жүзіп өткен ирандық ару рекорд жаңартты
ашық дереккөзі
Ирандық спортшы қыз Эльхам Асгари Оман теңізінде бір қолмен жүзуден әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды ИРНА. Ол екі шығанақ - Чабахар мен Кенарак арасында 10 шақырым қашықтықты бір қолмен 5 сағат 2 минуттың ішінде жүзіп өтіп, Гиннестегі әлемдік рекордты жаңартты. Эльхам Асгар сондай-ақ бұдан бұрын хиджап киіп жүзуден де 5 шақырым 580 метрді бағындырып, рекорд жасаған еді.