Қазақ балуаны – әлем чемпионы

Қазақ балуаны – әлем чемпионы

Қазақ балуаны – әлем чемпионы
ашық дереккөзі
Қазақ күресінен VIII әлем чемпионаты аяқталды.   Елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде қазақ күресінен өткен VIII әлем біріншілігіне 28 елден 300-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қыздар 70, 75, 75+ келі салмақ бойынша күш сынасса, ерлер 90, 100, 100+ келі салмақта өзара мықтыны анықтады. Бұл күні қазақтың балуан қыздары тек жүлделі орындардан көрінді. Ал ерлер құрамасында 90 келі салмақта сынға түскен Дастан Ықыбаев қарсылас шақ келтірмей, қазақ күресінен әлем чемпионы атанды. Ал 100 келіден жоғары салмақта қазақтың намысын қорғаған Талғат Әмренов қола жүлдені қанағат тұтты. Жеңіске жеткендер Қыздар арасында: 70 келі 
  • 1-орын Батцэцэг Цогт-Очир (Моңғолия)
  • 2-орын Гедутите Ренальда (Литва)
  • 3-орын Алтынай Хаби (Қазақстан)
75 келі 
  • 1-орын Нино Одзелашвили (Грузия)
  • 2-орын Туба Уна (Сербия)
  • 3-орын Перизат Жақыпбекова (Қазақстан)
75 келіден жоғары
  • 1-орын Елена Кебадзе (Грузия)
  • 2-орын Нямху Нямтуа (Моңғолия)
  • 3-орын Нагира Сарбашова (Қырғызстан)
Ерлер арасында: 90 келі 
  • 1-орын Дастан Ықыбаев (Қазақстан)
  • 2-орын Торнике Жугели (Грузия)
  • 3-орын Нұрислам Ыдырысов (Қырғызстан)
100 келі 
  • 1-орын Тілек Құралов (Қырғызстан)
  • 2-орын Георгий Кобаидзе (Грузия)
  • 3-орын Мансалмаа Мунхчулуун (Моңғолия)
100 келіден жоғары
  • 1-орын Дорж Анар (Моңғолия)
  • 2-орын Давити Размадзе (Грузия)
  • 3-орын Талғат Әмренов (Қазақстан)
Айта кетейік, елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде қазақ күресінен өткен VIII әлем чемпионатында 28 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. Жарыстың жалпы жүлдеқоры – 75 мың доллар, бұл шамамен 28 миллион теңге. Кеше де ерлер мен қыздар үш-үш салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Алайда бұл күні тек 60 келіде белдескен қазақ балуаны Архат Қайырбеков алтыннан алқа тақты. Отандасымыз моңғолиялық балуаннан айласын асырып, әлем чемпионы атанды. Әлем біріншілігі UWW ресми өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілерінің қатысуымен өтті. Қазақ күресінен VIII әлем чемпионатын біріккен күрес әлемі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы ұйымдастырды.