Даудың басы – допинг: Қазақстан Ауыр атлетика федерациясы қиын түйінді тарқата алмай әлек

Биылғы жылдың жазында көптен күткен Рио Олимпиадасы өтеді. Жазғы Олимпиада ойындарында спортшыларымыз байрағымызды көкке желбіретіп, талай жеңісті нәтижелер көрсетеді деп үміттеніп отырғанымыз да жасырын емес. Алайда ауыр атлетикадағы соңғы жаңалықтар спортсүйер қауымның төбесінен жай түсіргендей болды. Үш бірдей қазақ зілтеміршісінің допинг қолданды деген күдікке ілінуі біз күтпеген жайт еді.

Құрыққа ілінген зілтеміршілер

Халықаралық ауыр атлетика фе­дерациясы желтоқсан айында қазақ­стандық ауыр атлетшілер Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов, Ермек Өміртайдың допинг-сынағында тыйым салынған заттар табылғандығын мәлімдеген еді. Федерацияның мәлімдемесінде: «2015 жылы Хьюстонда өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатының қорытындысы бойынша допинг бақылауының «А» сынамаларында спортшылардың ағзасынан «анаболик андроген стероидтары» табылды», – деп жазылыпты. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг қабылдады деген күдікпен Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Грекия, Молдова және Солтүстік Кореяның 17 спортшысын уақытша спорттан шеттетті. Бұл тізімнен қазақстандық зілте­мір­шілер де тыс қалмады. Сынама қорытындысынан кейін Алмас Өтешов пен Ермек Өміртайды допинг қолданды деген күдікпен спорттан уақытша алыстатты. Ал 2014 жылғы әлем чемпионы, 2015 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жасұлан Қы­дырбаев допинг үшін өмір бойына дисквалификацияға ұшырауы мүмкін. Өйткені ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ спортшысы бұған дейін 2012 жылы да допингпен ұсталып, екі жылға спорттан қол үзген болатын.

Аталған зілтеміршілермен қа­тар олардың жаттықтырушылары да уақытша қызметтерінен боса­тыл­ды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі хабарлады. «Қазір осы үш спортшының аға жаттықтырушыларын жұмыстан шет­тету мәселесін қарау үстін­деміз. Біз міндетті түрде шара қол­данып, жұмыстан шектеуіміз керек. Спортшылармен кездесіп жатырмыз. Қай уақытта, кімнің көмегімен дәрілер қабылдағанын анықтаймыз. Бірақ бұл әлі аяғына дейін белгіленген дүние емес. Бұл анализдің алдын-ала берген көрсеткіші. Әлі де спортшылар сынама тапсырып, тексерістен өтеді. Анализ болғаннан кейін қателіктер кетуі мүмкін. Тексеріс көрсетеді бәрін», – деді министр мырза. Министр айтқандай, үш бірдей қазақ спортшысының алғашқы допинг сынамалары ашылды, енді екінші сынамалары сараптамаға беріліп, оның нәтижесі осы айда белгілі болуы тиіс еді. Бірақ допингке қатысты даулы мәселенің күрмеуі күрделеніп кетті.

Әуелде Қазақстан Ауыр атле­тика федерациясы екінші сарап­та­маны Германияда жасату туралы ұсыныс білдірген, алайда шұғыл түрде федерация басшылығы шешімдерін күрт өзгертті. Тіпті, Қазақстан федерациясы Монреал зертханасының шешіміне қарсы мәлімдеме жасаудан және нәтижесі маңызды деп күткен «Б» сынамасын өткізуден бас тартып отыр. Себебі «Б» сынамасы да сол Монреал зерт­ханасында жасалады. Бұған дейін аталмыш зертханаға қатысты Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни: «Барлық сынама Америкада алынған, оларды федерация Монреал зертханасына жіберген. Жігіттер бұл бақылаудан әрдайым өтіп жүрді. Тіпті, Қыдырбаевқа таңғы жетіде келіп, сынақ алып кеткен. Біз, тіпті, әлемдегі ең үздігі саналатын Кельн зертханасында тексерілдік. Монреалдағы зертхананы білмеймін, бірақ Кельн әлі күнге ең мықтысы болып саналады. Адами факторды да есепке алу қажет әрі сынақ алатын мамандардың білімін қарау керек. Сондықтан мүмкіндігінше ресурстарды, заңдарды қолдануымыз қажет», – деген пікірін білдірген. Сонымен қатар, бас бапкер қол қусырып қарап отырмай, Қазақстан ауыр атлетика федерациясы тарапынан белгілі бір қадамдар жасалуы қажеттігін тілге тиек етті.

Қазақстан Ауыр атлетика феде­ра­циясы енді өзімізде комиссия тағайындап, жасалған сараптама нәтижесін халықаралық федерацияға жіберіп, нақты шешімін күтпек. Сонымен бірге, федерация бас­шы­лығы атлеттердің қанына допинг басқа жолдармен де түсуі мүмкін екендігін алға тартуда. ҚР Ауыр атлетика федерациясы басшылығының мәлімдеуінше, атлеттердің ағзасына допинг кейбір рұқсат етілген тағамдар мен дәрі-дәрмектер арқылы түсуі мүмкін. Егер бұл нақтыланса, спортшылардың кінәсі болмайды. Тек минималды көлемде айыппұл салынады. Айта кетейік, қазірдің өзінде Қазақстанға спортшылардан допинг табылғаны үшін 50 мың доллар айыппұл салынып отыр. Ал Халықаралық Ауыр атлетика федерациясы атлеттердің допингті арнайы қабылдағанын нақты дәлелдесе, онда үміт артқан Жасұлан Қыдырбаев пен Алмас Өтешов Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығынан айрылады. 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңісті қолдан бермейді деп сенген спортшыларымыз Олимпиадаға бармаса, еліміздің спорттағы беделіне нұқсан келуі бек мүмкін. Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Жасұлан Қыдырбаев пен Алмас Өтешовтің әлемдік деңгейдегі спортшылар екендігін айтуда. «Бұл жігіттер кешегі балалар емес, Қыдырбаев – әлем чемпионы, Өтешов – екі-үш рет күміс жүлдегер атанды. Олардың деңгейі жоғары. Біз оларды Хьюстондағы жарысқа алтын мен күміс медальдар алады деп дайындадық. Спортшыларымызды допингсіз және осындай даусыз дайындауға миымыз жетпей ме сонда? Логика болуы керек қой. Сонда Разимов пен Зайчиков неге ұсталмады? Біз бір командамыз, бірге дайындалдық. Сондықтан, сұрақ көп. Үштікке кіре алмаған қатардағы спортшылар ұсталды десе бір жөн, ал бұл жігіттер медаль алуға дайын», – депті өзінің сұхбатында Алексей Ни.

Халықаралық Ауыр атлетика федерациясы спортшыларымыздың допинг қолданғанын дәлелдесе, олар Хьюстондағы жүлдесінен айрылады. Ал допинг байқаусызда ішіп-жеген тағамдармен қанда пайда болғаны анықталса, жаза мерзімін қысқартуға мүмкіндік бар. Өкінішке қарай, бұл да жігіттердің Риоға алған жолдамасын сақтап қалуға көмектесе алмайды.

Егер Жасұлан Қыдырбаев пен Алмас Өтешов Риодағы Олимпиадаға қатысса, жеңісті қолдан бермейтіні анық. Тіпті, көпшілік 94 келіге дейінгі салмақтағы ауыр атлеттер арасынан алтынды қазақтар алатынын сенімді түрде айтқан. Оның үстіне, Олимпиадада ауыр атлетикадан алтын медаль алған тұңғыш қазақ атанар еді. Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада тарихында ауыр атлетикадан чемпион атанған қазақ азаматы болмаған.

Допингтің дауы біте ме?

Допингке қатысты даулы жайттар қазақ спортында алғаш рет орын алып отырмағаны бесенеден белгілі. Ауыр атлеттер арасындағы допинг дауы да бірінші рет тіркелмеді. 2006 жылы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы еліміздің 5 спортшысын екі жылға спорттан аластатты. Азия чемпионаты мен әлем чемпионатында Ирина Гереева, Владимир Седов, Станислав Копутов, Сергей Истомин, Игорь Башановқа «қанынан допинг табылды» деген айып тағылды. Ал 2007 жылы дәл осындай айыппен Камилла Багаудинова, Мұхит Үсенбаев, Вячеслав Ершов екі жылға спорттан қол үзді. 2008 жылы Дмитрий Стрига, 2009 жылы Александра Дзюба мен Игорь Ким допинг дауы бойынша спорттан екі жылға шеттетілді. 2012 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Семен Линдер, ересектер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Нұрсұлтан Рахатов, Қазақстан қыздар құрамасының мүшесі Фаина Сыбанбаева допинг қолданғаны үшін спорттан шеттетілген. Ал 2013 жылы қазақстандық 9 ауыр атлетке допинг қолданды деген айып тағылып, 2 жыл спорт әлемінен қол үзді. Бұл жолғы зілтеміршілердің қатарында Александра Аборнева, Фархад Харки, Айдар Қазов, Ғалымбек Жұбатқанов, Ерболат Жоламанов, Аят Әмірбеков секілді жас спортшылар бар еді. 2013 жылғы допинг дауына байланысты Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстан құрамасына 500 мың доллар айыппұл салды. 2014 жылдың ресми мәліметтері бойынша, Қазақстан ауыр атлетика спорты бойынша допингпен ұсталған спортшыларының көрсеткіші бойынша екінші орынға шығыпты. Алғашқы орында 18 ауыр атлеті тыйым салынған препараттарды пайдаланған Әзірбайжан құрамасы тұрса, допингпен ұсталған 7 спортшысы бар Армения мен Өзбекстан үшінші орынға жайғасқан. Бұдан өзге де елімізде допинг қолданғаны үшін спорттан шеттетіліп жатқандар қаншама.

Мысалы, жеңіл атлет Ольга Шишигинаға 1996 жылы «қанынан станозолол табылды» деген айып тағылып, ол спорттан екі жылға шеттетілген болатын. 1996 жылғы Атланта олимпиадасына қатысу құқығынан айрылды. Бірақ бұл Шишигинаның шыңға шығуына кедергі келтірген жоқ. Спортқа 1998 жылы қайта оралған жеңіл атлетика шебері Бангкокта өткен Азия ойындарының алтын медалін иеленді, ал 2000 жылы Сидней олимпиадасының чемпионы мәртебесіне қол жеткізді. 1998 жылы Сидней олимпиадасына қатысу үшін әзірленіп жүрген жүзуден Азия чемпионатының күміс жүлдегері Евгения Ермакова олимпиадаға қатысу құқығынан айрылды. Спортшы «қанынан допинг табылды» деп айыпталды. Сөйтіп Евгения Ермакова спортпен біржола қоштасты. Ал 2008 жылы қазақстандық триатлоншы, 1999 жылғы әлем чемпионы, 1998 жылғы әлем кубогының иегері Дмитрий Гааг та «допинг қолданды» деген айыппен екі жылға спорттан қуылды. Сөйтіп Гааг Азия чемпионы атағынан айрылып, оның Пекин олимпиадасындағы нәтижесі де жойылды. Ольга Терешковаға да дәл осындай айып тағылып, ол да екі жылға спорттан шеттетілді. Айыпталар алдындағы Жапонияның Кобе қаласында өткен Азия чемпионатында қол жеткізген Терешкованың алтын медалі жоққа шығарылған болатын.

2007 жылы велоспортшы Александр Винокуровтың басына да осындай күн туды. Ол «гемотрансфузия препаратын қолданды» деген айыппен екі жылға спорттан қол үзуге мәжбүр болды. Франциядағы «Тур-де Франс» көпкүндігіне қатысып жатқанда халықаралық антидопинг қауымдастығы мен халықаралық велоспорт федерациясы қазақстандық велошабандоздың допинг қолданғанын растайтын құжаттарды әзірледі. Винокуровты айыптағаннан кейін «Астана» велокомандасы да 2007 жылы «Тур-де Франс» көпкүндігіне қатысудан бас тартты. 2010 жылы «Астана» велоклубы тағы да допинг дауына шырмалды. Бұл жолы кезек «Тур-де Франс» додасында топ жарған Альберто Контадорға келді. «Жарыс кезінде допинг тұтынды» деген ақпарат шығысымен халықаралық велоспорт одағы бұл мәселені зерттеуге бірден кірісті. «Тур-де Франс» көпкүндігі ке­зінде қан сараптамасы жа­салып, спортшының ағзасынан кленбутерол табылған. Контадор­дың қанынан табылған кленбутанол қауіп­ті нормадан 400 есе аз екен. Яғни, оны допинг деп айтуға ол кезде ерте еді.

Жалпы, елімізде допинг орта­­лығы жұмыс істейді. Ал спорт­шы­лар бұл допинг орта­лығында бір апта бұрын тексеруден өтеді. Ал одан кейінгі бір аптаның ішінде спортшылардың ішіп-же­ген тағамдарын ешкім де қада­ға­ламайды. Сол себептен, спорт­шы­лардың да жарыс алдында өз жауапкершіліктерін сезінгені жөн секілді.

АППАҚ ҚАР, САҢЛАҚ СПОРТШЫЛАР

Өткен аптада Италияның Валь де Фьемме мекенінде шаңғы жарысынан «Тур де Ски» көпкүндігінің нүктесі қойылды. Бұл сайыста Қазақстан намысын Әлем чемпионатының 2013 жылғы қола жүлдегері, Азия ойындарының 4 дүркін жеңімпазы Алексей Полторанин қорғаған болатын. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық шаңғышы Әлем кубогы есебінде 8-орынға тұрақтады.

Сегіз күнге созылған жарыстың алғашқы кезеңдерінен-ақ Алексей Полторанин үздік нәтижелер көрсете бастады. Швейцарияның Ленцерхайде мекеніндегі «Тур де Ски» көпкүндігінің екінші кезеңінде ерлер арасындағы классикалық стильмен 30 шақырым қашықтықта қазақстанның маңдайалды спорт­шысы Алексей Полторанин бесінші орынға тұрақтаған болатын. Бұл кезеңнің жеңімпазы норвегиялық шаңғышы Мартин Йонсруд Сундбю болды. жарыстың келесі кезеңінде ерлер арасындағы еркін стильмен ізге түсіп жарысуда 10 шақырым қашықтықта жерлесіміз жетінші орыннан көрінді. Бұл жолы да жеңіс жалауы норвегиялық спортшыға бұйырды.

Көпкүндік сайыстың төртінші кезеңі Германияның Оберстдорф қалашығында жалғасын тапты. Бұл жолы классикалық спринтте Қазақстан шаңғышысы жүлделі үшінші орынға табан тіреді. Норвегиялық Эмиль Иверсен төртінші кезеңнің жеңімпазы атанса, екінші орын ресейлік Сергей Устюговқа бұйырды. Алексей Полторанин бұл жолы екінші, үшінші кезеңдерде жеңіс төрінен көрінген Мартин Йонсруд Сундбюді, сонымен қатар атынан ат үркетін Петтер Нортуг пен Себастьян Айзенлауэрді артта қалдырды. Оберстдорф қалашығында жалғасқан бесінші кезең қазақстандық спортшы үшін сәтті болды. «Тур де Ски» көпкүндік жарысының бұл сынында классикалық стильмен 15 шақырым қашықтықта жерлесіміз алтыннан алқа тақты. Ерлер арасындағы атал­мыш жарыста Алексей Полторанин атақты швейцариялық Дарио Коло­ньядан 0,01 секундқа ғана озып, 35 минут 35,9 секундта мәре сызығын кесті. Айта кетейік, бұл – Полтораниннің Әлем кубогы кезеңдеріндегі тоғызыншы жеңісі және 22-ші жүлдесі. Бесінші кезеңдегі жеңісінен кейін Алексей Полторанин «Тур де Ски» жарысының жалпы есебінде төртінші орынға жайғасты.

Алексей Полторанин жетінші кезеңді де жақсы нәтижемен аяқтады. Италияның Валь де Фьемме мекенінде өткен ерлер арасындағы классикалық стильдегі масс-стартта қазақстандық спортшы үшінші орынды еншіледі. Алғашқы екі орын норвегиялық шаңғышылардың қанжығасына тиді. Ал Италияның Валь ди Фиемме мекеніндегі Альпе де Чермис тауында шаңғы спортынан «Тур де Ски» көпкүндік жарысының қорытынды сегізінші кезеңінде Алексей Полторанин бесінші орынға тұрақтады. Еркін әдіспен 9 шақырымдық жарыста норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю бірінші орынды ешкімге бермеді. Ал күміс және қола жүлдені Норвегия спортшылары Петтер Нортуг, Финн Хаген, қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин және ресейлік Сергей Устюгов сарапқа салды. Бұл сында шаңғышыларға тауға қарай өрлеу оңай тиген жоқ. Алдымен қазақстандық шаңғышы төрттікті бастап, алға шықты. Бірақ көп ұзамай ресейлік Сергей Устюгов пен норвегиялық Финн Хаген Крог мықтылық танытып, Алексей Полторанин мен Петтер Нортугтан ұзап кетті. Сөйтіп қорытындыда Мартин Йонсруд Сундбю өз спорттық жолында үшінші мәрте қатарынан бас жүлдені жеңіп алса, Финн Хаген Крог екінші, Сергей Устюгов үшінші орынды иеленді. Мәреге жақындағанда ұшқырлық танытқан Петтер Нортуг төртінші, Алексей Полторанин бесінші келді. Бұл – қазақстандық шаңғышы үшін жақсы көрсеткіш. Бұған дейін «Тур де Ски» жарысында Алексей мұндай жоғары орынға көтерілмеген. Сондықтан алдағы Әлем кубогы жарыстарынан Алексей Полтораниннен тағы да жүлде күтуге болатын тәрізді. Жалпы, шаңғышының жыл сайынғы Әлем кубогындағы көрсеткіштері жоғарылап келеді. Мәселен, 2007 жылы 150-орынға тұрақтаған Алексей араға бір жыл салып 107-орынға жақындады. Ал 2009 жылы 82-орыннан көрінді. 2010 жылы 69-орынға жайғасқан шаңғышы 2011 жылы 34-орынға дейін көтерілсе, одан кейінгі жылы 26-орынға жайғасты. 2013 жыл Алексей Полтораниннің Әлем кубогындағы үздік көрсеткіші болды. Бұл жылы жерлесіміз 4-орыннан бір-ақ шықты. Алайда 2014 жылы Полторанин қайтадан төмен сырғып, 12-орынды қанағат тұтқан болатын.

Әлемнің үздік шаңғышыларымен қатар сынға түсіп жүрген 28 жастағы Алексей Полторанин соңғы «Тур де Ски» жарысында бір кезең жеңімпазы атанса, енді бірінде күміс жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ, 2013 жылы екі рет кезең жеңімпазы атанды. Алексейдің ендігі мақсаты – осы көрсеткішті жақсарту.

КӨП ЖОЛДАМАДАН ҮМІТТІМІЗ

Өткен жылы еліміздің спорт саласында жалауымызды көкте желбіреткендер аз болмады. Қой жылында қазақстандық спортшылар олимпиадаға енетін барлық спорт түрлерінен әлем чемпионаттарының жалпы есебінде 12 медаль иеленіп, әлем елдері арасынан 24-орынға жайғасты. Биылғы жыл да спортшылар үшін дүбірлі додаларға толы болмақ.

2016 жылдың жазында бас­та­латын Рио олимпиадасын дүние­жү­зінің халқы тағатсыздана күтіп отырғаны жасырын емес. Төрткүл дүние асыға күткен байрақты бәсеке 5-21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді. Спорт сынына әлемнің 205 елінен 12 500 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олар спорттың 42 түрі бойынша 306 медальдар жиынтығын сарапқа салады. Олимпиаданың 43 жолдамасы қазір қазақстандық спортшылардың еншісінде. Ал Қазақстан құрамасы Рио-де-Жанейро олимпиадасында спорттың 27 түрі бойынша 100-ден астам лицензия ұтып алу­ды жоспарлап отыр. Айта кетейік, 2012 жылы өткен Лондон олим­пиадасында қазақстандық спорт­шылар спорттың 25 түрінен 105 ли­цензия ұтып алған болатын. Лондондағы дүбірлі додада Қазақстан спортшылары 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медальді қан­жығасына байлап, жалпы есеп бойынша 204 ел арасынан 12-орынға тұрақтаған. Өткен жылы Рио-де-Жанейро олимпиадасына дайын­дық барысын пысықтаған Мәдениет және спорт министрлігі арнайы брифинг өткізді. Брифинг барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков олимпиадаға дейін жолдамаларды сарапқа салатын 70 халықаралық жарыс өтетіндігін тілге тиек етті. Вице-министр спортшылардың әлі де 60-қа жуық лицензияны ұтып алуға мүмкіндігі бар екендігін нақты айтып отыр. Ұлттық құрама командалар биыл 40-тан аса Азия чемпионатына, 29 лицензиялық әлем біріншілігіне және 140 Әлем кубогының кезеңіне қатысып, қажет ұпайларға қол жеткізген. Сонымен қатар, 2016 жылы 70 құрлықтық және әлемдік жарыс пен 52 Әлем кубогы кезеңіне қатысу жоспарлануда. Бұл сайыс­тарда да олимпиада жолдамасы сарапқа салынатынын атап өткен жөн. Осы додалардан кейін ұлттық құрама еншілеген лицензиялар саны нақты белгілі болады.

Сондай-ақ, 26-30 қаңтарда Жапо­нияда велоспорттан Азия чемпионатының жалауы желбі­ре­мек. Дүбірлі додада үздік өнер көрсет­кендер Рио-де-Жанейро олим­пиа­дасының жолдамасына ие болады. Бұл сынға Қазақстан әйелдер құрамасы толық құрамда қатысып, олимпиада лицензиясы үшін сынға түседі.

2016 жылы футзалдан Қазақ­стан құрамасы үшін де табыс­ты жыл болғалы тұр. Қазақстан құрамасы футзалдан Еуропа чемпионатына алғаш рет қатыспақ. 2-13 ақпан аралығында Сербияда өтетін бұл сында қазақстандық құрама Ресей және Хорватия командаларымен бір топта өнер көрсетеді. Мешін жылында өтетін спорттық додалардың тағы бірі – Норвегияның Лиллехамер қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Қысқы олимпиада ойын­дары. 12-21 ақпан аралығына жоспарланған олимпиадада жас мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мен конькиден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Станислав Палкин ел намысын қорғайды. Ал 16-21 ақпан аралығында Тайпейде мә­нерлеп сырғанаудан «Төрт құр­лық чемпионаты» өтеді. Бұл чемпионатқа Қазақстаннан Денис Тен қатыспақ. Ақпанның 17-cі мен 21-і аралығында Таиландта күрестен Азия чемпио­наты өтсе, 18-20 наурыз күндері Астанада өтетін азиялық олимпиадаға іріктеу турнирінде Рио жолдамасы сарапқа салынады.

11-15 наурызда Оңтүстік Корея­ның Сеул қаласында шорт-тректен әлем чемпионаты өтеді деп жоспарланған. Әлем бірін­ші­лігіне Қазақстан сапынан 4 ер, 2 әйел спортшы бақ сынайды. Сонымен бірге, 13-18 сәуірде Қытайдың Уси қаласында семсерлесуден Азия біріншілігі өтіп, спортшылар олимпиада жолдамасы үшін таласады. 19-20 сәуірде Филиппин елінің Манила қала­сында Азия құрлығының таэквон­до­шылары олимпиада жолдамасы таратылатын жарысқа қатысады. Бұл жарысқа Қазақстан толық құрамда барады деп күтілуде.

Ал 6-22 мамыр аралығында Ресейде шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Бұл сында Қазақстанның ерлер құрамасы өнер көрсететіндігін айта кетейік. Қазақстан топтық кезеңде Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия және Дания мемлекеттеріне қарсы ойнайды. 19-27 мамыр күндері биылғы жылдың маңызды спорттық додаларының бірі біздің елімізде өтпек. Ол – Астана қаласында өтетін бокстан әйелдер арасында әлем біріншілігі. Айта кетейік, біріншілікте Рио-де-Жанейро олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады. Жазғы олимпиада ойындарының жолдамасын сарапқа салатын доданың бірі 22-29 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өтеді деп жоспарланған. Бұл жолы қазіргі бессайыстан әлем біріншілігі өтеді. Бұл байрақты бәсекеде де Қазақстан құрамасы бақ сынайды. Қазақстан құрамасы мамырдың 28-і мен маусымның 1-і аралығында Жапонияда өтетін триатлоннан құрлық бірінші­лі­гінде де олимпиада жолдамасына ие болу үшін бақ сынайтын болады.

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
mattt

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі...
zhzh

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл...
yas

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи...

Жаңалықтар

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесуі өтті. Ж.Әділбаев Л.Оюун-Эрдэнэ мырзаны Премьер-Министр қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

ДИМАШ – АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...