Димаштың атасына "Ерен еңбегі үшін" медалі берілді

Димаштың атасына "Ерен еңбегі үшін" медалі берілді

Димаштың атасына "Ерен еңбегі үшін" медалі берілді
ашық дереккөзі
Еліміздің атын әлем сахналарында дәріптеп жүрген танымал әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласында Құдайбергеновтердің отбасында болып, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан Құдайберген Айтбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалін берді. Сонымен қатар Димаш Құдайбергеновке берілген «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағы марапатын Димашты тәрбиелеп өсірген әжесі Миуа Низамутдиноваға табыстады. Еңбектері еленген өнегелі отбасы ризашылықтарын білдіріп, Ақтөбе облысы әкімдігіне алғыстарын жеткізді.