Кепілде тұрған мүлікті сатып алу қаншалықты қауіпті – заңгер сөйлесін

Кепілде тұрған мүлікті сатып алу қаншалықты қауіпті – заңгер сөйлесін

Кепілде тұрған мүлікті сатып алу қаншалықты қауіпті – заңгер сөйлесін
ашық дереккөзі
Бүгінгі таңда банкте кепілде тұрған мүлікті сатып алып, басы дауға қалған азаматтар баршылық. Бүгін ғана көпбалалы Әлбатыровтар отбасының құны 25 миллион теңге болатын кепілде тұрған үш бөлмелі пәтерді сатып алып, оған иелік ету үшін соттасып жатқан жайына куә болдық. Кепілде тұрған мүлікті сатып алу қаншалықты қауіпті? Тіпті, сатып алуға тәуекел еткен жағдайда қандай қағиданы есте ұстаған дұрыс? Еуразия бірінші арнасы бұл сауалдардың жауабын білмекке заңгерді сөзге тартыпты. "Әділет департаментінен алынатын арнайы құжат бар – “Форма №2" дейміз, екінші нөмерлі анықтама. Сол анықтамада меншік иесі кім екені, мүліктің кепілде тұрған-тұрмағаны, сот орындаушымен болатын немесе басқа да шектеулердің барлығын көрсетіліп тұрады”, – деген кеңес береді заңгер Жандос Тұяқов. Сондай-ақ, банктен бұрынғы пәтер иелері туралы барлық қажетті ақпаратты алуға еш қымсынбаңыз. Себебі бүгінгі әрекетіңіз ертеңгі қауіпсіздігіңізге кепіл болмақ.